{metadescription}
ШҚО-да көпбалалы отбасы шенеуніктерден көмек сұрады
ШҚО-да көпбалалы отбасы шенеуніктерден көмек сұрады

ШҚО-да көпбалалы отбасы шенеуніктерден көмек сұрады

Шығыс Қазақстан облысында көпбалалы отбасы құлағалы тұрған үйді паналап отырмыз деп дабыл қағуда. Бес баласы бар риддерлік Дергачевтарді шенеуніктер осыдан 12 жыл бұрын апатты үйден өзге баспанаға  уақытша деп көшірген екен. Алайда қазір оларға уақытша деп берілген баспана  да тұруға жарамсыз болып қалған. Ал, тәуелсіз сарапшыларға сенбеген шенеуніктер бұл баспанаға өзіміз қайта сараптама жасатамыз деп шешіпті.

Үш бөлмелі пәтерде бес баламен тірсек қағып отырған Дергачевтер бір апатты үйден екіншісіне көштік деп налиды. Шенділердің «кезектерің келгенше осы баспананы уақытша паналай тұрыңдар» дегеніне сенген олар мұнда  бас-аяғы 12 жыл отырып қалған. Енді міне, еденінен суық ызғар соққаны былай тұрсын, тіпті жылыту батареясы да жоқ үйде балалар күні-түні етікпен жүреді. Бірге тұратын әжелерінің бар зейнетақысы қыс бойы сөнбейтін электр жылытқышының ақысына кетеді екен. 

Энергетиктер бұл үйді 3 миллион коммуналдық қарызы үшін екі жыл бұрын ыстық судан ажыратыпты. Жылуды да тек құбыр қатпасын деп аз-мұз қылып қана береді екен.  Бес баласын су ысытып шомылдыратын әйел олардың  денсаулығына  алаңдайды.

Ирина Дергачева, көп балалы ана:

- Балаларым жиі ауырады. Сабақтан қалып қояды. Енді мұғалімдер сол үшін мені әкімшілік жазаға тартпақшы. Мен олардың білім алғанына қарсы емеспін ғой, ауырып жатқан баланы қалай мектепке жіберемін.

12 пәтерлік бұл ескі үй осыдан 73 жыл бұрын салынған екен. Соңғы рет оның қашан жөнделгені  тіпті байырғы тұрғындардың да есінде жоқ. Шенеуніктер бұл үйді термомодернизация бағдарламасы арқылы жөндеуге шақырған екен, оған халық көнбепті. Комуналдық қызметтегілер бұл жағдайға  тұрғындардың өздерін кәнәлап отыр.

Қуат Мұхамедшинов, Риддер қалалық тұрғынүй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің басшысы: 

-Ол жекеменшік үй, олардың орнына жөндеуін жасап бере алмаймыз. Әр азамат қысқа жаздан бастап  дайындалады.  Ол үйдің тұрғындары бүгінгі  таңда не дайындалмайды. Не ақша жинамайды, әншейін отыр.  

Қабырғалары қақырай бастаған үйлеріне тұрғындар өздері тәуелсіз сараптама жасатса, баспана тұруға қауіпті болып шығыпты. Алайда бұған сенбеген шенеуніктер өзіміз оны қайта тексертеміз  деп  отыр. Тек соның  нәтижесі бойынша  үй  расымен апатты деп танылса, мұндағы 12 отбасы  баспана кезегіне қойылуы мүмкін. Бірақ олар жуық арада пәтер ала қояды деу де қиын. Себебі, Риддерде соңғы 5 жылда жеті үй ғана салыныпты. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.