{metadescription}
Даяшы қызды қазандағы майға күйдірген ақтаулық жігіттің ісі сотқа жетті
Даяшы қызды қазандағы майға күйдірген ақтаулық жігіттің ісі сотқа жетті

Даяшы қызды қазандағы майға күйдірген ақтаулық жігіттің ісі сотқа жетті

Жәбірленушінің туыстары оны жазадан құтылып кете ме деп алаңдап келген еді. Өйткені оған қатысты әу баста тек бұзақылық бабы бойынша іс қозғалған.

Кейін тергеу кезінде Қасым Жұмахановтың іс-әрекетіне қайта баға беріліп, үстінен «денсаулыққа қаса қана зиян келтіру» бабы бойынша іс жүргізілген.  Айыпталушының кінәсі толық дәлденсе, 5 жылдан 10 жылға дейін жаза арқалауы ықтимал. Ал, сотқа келген жәбірленуші денесіндегі күйік іздерін жасырғысы келгендей. Өткені ол бет-жүзін тұмшалап отырды. Оның өзі де, туыстары да кінәліні еш кешірмек емес. Қатаң жаза алсын дейді. Айта кетейік, өткен жылдың қараша айында дәмханада даяшы болып істейтін Сымбат Қозыбайға 31 жастағы жігіт беймезгіл уақытта келіп, сыра сатуын талап еткен. Түнде спирттік ішімдікті саудалау заңға қайшы екенін айтқан бойжеткенге бұзақы ашуланып, қайнап тұрған қазанды бар күшімен теуіп, 20 жастағы қыздың үстіне ыстық майды аудара салған. Одан Сымбаттың денесінің 30 пайызын күйік шалып, ауруханада ұзақ емделіп, жуырда үйіне шыққан еді. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.