{metadescription}
Түркия сириялық күрдттер тұратын аудандарға шабуылды күшейтті
Түркия сириялық күрдттер тұратын аудандарға шабуылды күшейтті

Түркия сириялық күрдттер тұратын аудандарға шабуылды күшейтті

Африндегі қанды айқас. Түркия билігі сириялық күрдтердің «Халықтық қорғаныс күштері» атты қарулы жасағы жасырынған жерлерді бомбалауда. Ердоғанның айтуынша, қатерге толы операция жоспардағыдай жүзеге асырылып келеді.

Атыс-шабыс басталғалы Сириядағы жергілікті тұрғындардың берекеті кетті. Біріккен ұлттар ұйымының мәліметінше, қауіпті аймақтан 5 мыңнан астам адам үйлерін тастап, бас сауғалап кеткен.  Ердоған жағдай бақылауда дегенмен, Түркияның Килис қаласына қарсы шабуыл жасалды. Африннан ұшқан зымыран екі бейбіт тұрғынның өмірін жалмап, он бірін жаралаған. Айта кетейік, Анкараның арнайы бастауына Сирия шекарасын қорғайтын күрд жасақтары құрылды деген ақпарат түрткі болған еді. 20-қаңтарда басталған "Зәйтін бұтағы" жорығы кезінде 1 түрік сарбазы қаза тапқан.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.