Елімізде шенеуніктерге қымбат көлігінің жанында суретке түсуге тыйым салынды
Елімізде туысқандығы бар ағайындылардың мемлекеттік қызметте яғни бір жерде жұмыс істеуіне тыйым салынды. Шенеуніктер үшін жаңадан қабылданған этика кодексінің талабы осындай. Құжатта атқамінерлерге интернетте ойына келгенін жазуға, сыпсыңдап өсек айтуға да шектеу қойылған. Бұдан басқа да тыйымдар бар.
Автор: Ербол Тұрымбет
25.01.2018
-Әлеуметтік желілерді пайдаланғанда мемлекеттік қызметкер басқа интернет қолданушыларымен дұрыс әңгімелесе біліп, өз парақшасында құпия немесе басқа да жабық ақпараттарды жарияламауы керек. Сондай-ақ, конституциялық құрылысты өзгертіп, сепаратизм мен егемендіктен бас тартуға шақыратын адамдармен дос болмауы тиіс.
Осылайша мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі қарамағындағыларының жүріс-түрісін қатаң бақылауға алып жатыр. Ал әдеп туралы жаңа кітапшада шенеуніктердің жұмыстан тыс және қызметтік қатынастар кезіндегі тәртібі де қарастырылған. Сонымен бірге, әлеуметтік желілер мен ақпарат құралдарында өзін жақсы қырынан көрсетудің қыр-сыры айтылған. Мәселен, мемлекеттік қызметкер өз парақшаларында көңіл көтеру орындары мен шетелде түскен суреттерін көрсетпеуі керек. Сондай-ақ, қымбат көліктердің алдында жылтырап киініп, бағалы бұйымдарын көрсетіп тұрып түскен суреттерін де жариялауға болмайды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!