{metadescription}
Таразда әскери бөлімнің сарбазы ұшты-күйлі жоғалып кетті
Таразда әскери бөлімнің сарбазы ұшты-күйлі жоғалып кетті

Таразда әскери бөлімнің сарбазы ұшты-күйлі жоғалып кетті

Тараздағы 21/ 450 әскери бөлімінен жоғалып кеткен сарбаз табылмай жатыр! Әскерге өткен жылы Атырау облысынан шақырылған 19 жастағы Жанболат Бозбанов 21-ші қаңтарда кешкілік түгендеу кезінде жоқ болып шыққан. Сарбаз 4 күннен бері не тума-туыстарына, не әскери бөлімге хабарласпаған. Бауырларының сөзіне сенсек, жасырын нөмірден телефон шалған біреулер Жанболаттың қазір қауіпті жағдайда екенін айтыпты.

Айнұр Омарова, Ж. Бозбановтың әпкесі:

-Ініңізді келіп алып кетіңіз, 3 күннің ішінде деді.  Қол-аяғы байлаулы, аузын жіппен тартып тастап жертөледе ұстап  отырғанын айтты.  Жанболатты алып қалып жатыр, жәбірлеп жатыр деп телефон соғады.

Туыстарының айтуынша, Жанболат осы уақытқа дейін ешқандай шағым айтпаған. Жоғалардан бір күн бұрын кешкілік анасына телефон шалып, жағдайының жақсы екенін, өздерінің полигоннан келіп жатқанын айтқан. Ал ертеңіне әскери бөлімнен телефон шалғандар, сарбаздың жоғалып кеткенін хабарлаған. Қазір Жанболатты іздеуге ағасы мен жездесі Жамбыл облысына жеткен. Әскерилердің де әзірге айтары жоқ көрінеді. Ал, жалпы, мұндай жағдай 2010-шы жылдан бері алғаш рет тіркеліп тұр екен.

Бауыржан Балықбаев, ҚР Қарулы күштерінің әскери полиция бас басқармасы бастығының орынбасары:

-Іздестіру шаралары ұйымдастырылды. Қазіргі уақытта Бозбановты іздестіру жалғасуда. Оның туысқандарымен ұдайы байланыстамыз. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде