Астананың шетінде ірі өрт болды
Мұнай базасының аумағында орналасқан әкімшілік ғимарат түгел жанып кеткен. "101" қызметіне тіпті, оқиға орнына өрт сөндіруші пойыздарды тартуға тура келіпті. Одан бөлек ондаған техника да қызыл жалынмен арпалысқан.
Автор: Ербол Сейілхан
25.01.2018
Түн жарымында тұтанған алапат өртті куәгерлер ұялы телефондарына түсіріп алған. Алдымен от ғимарат ішін тып-типыл еткен соң, жалын шатырға қарай ойысыпты. Тілсіз жауды өрт сөндірушілер бірнеше сағаттың ішінде әзер сөндірген. Құдай сақтап, адам шығыны жоқ. Мұнай базасының қызметкерлері қауіпті аймақтан дер кезінде шығып үлгерген екен. Ал өрт мұнай сақталған базаға жетпей ауыздықталды. Қазір төтенше оқиғаның себеп салдары жіті тексеріліп жатыр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!