Ақтөбеде өртенген автобуста аман қалған үш жүргізуші ауруханадан шықты
Олардың бәрі Қазақстан азаматы. Айтарлықтай жарақаты болмаса да тергеу үшін бір апта бойы осында ұстауға тура келген.
Автор: Жаңалық Ахаш
25.01.2018
Дәрігерлер көлік жүргізушілерінің қазір қайда кеткенін білмейді. Белгілісі оларды құқық қорғау органдарының өкілдері ертіп алып кеткен. Ал аман қалған өзбекстандық екі жолаушы әлі ауруханада. Олардың палатасына күзет қойылып, ешкімді жолатпайды. Олардың да дені сау. Тек куәлік ету үшін ұстап отыр. Бүгін-ертең олар да шығарылады деп күтілуде. Айта кетелік, тірі қалған жүргізушілерден туыстары да хабар ала алмай отыр. Олар Ақтөбеге арнайы келіп те кетті. Бірақ тергеушілер кездесуге рұқсат бермеген.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!