{metadescription}
Елімізде жыныстық бопсалауға барғандарды жазалайтын заң қажет
Елімізде жыныстық бопсалауға барғандарды жазалайтын заң қажет

Елімізде жыныстық бопсалауға барғандарды жазалайтын заң қажет

Заңның жоқтығынан қазір жұмыста зәбір көріп, қорланған қыз-келіншіктердің қатары артқан. Қазақстандағы адам құқығын қорғау жөніндегі бюро парламентке өз ұсынымдарын жолдамақ.

Бүгін Алматыда жәбірленушілер мен құқық қорғаушылардың басы қосылып, өзекті мәселені талқыға салды.  Көбіне бастықпын деп басынғандардың қарамағындағыларға қырындау жайты көлеңкеде қалады. Оның үстіне «ұят болады» деген оймен жәбірленушілердің тіс жармауынан көбінесе жабулы қазан жабулы күйінде қалып жатыр. Ал, мұндай тиісудің соңы зорлыққа ұласып, талай тағдыр талқандалып та жатыр дейді құқық қорғаушылар. Былтырдың өзінде Қазақстанда 2 мыңнан астам қыз-келіншек зорлық-зомбылықтың құрбаны болған. Бюро АҚШ-тағыдай заң қабылданса қылмыстық жауапкершіктен қорқып, бұзақылыққа баратындар азаяр еді деген сенімде.

Инга Иманбай, Қазақстандағы адам құқығын қорғау жөніндегі бюро қызметкері:

- Жыныстық бопсалауға қылмыс ретінде жеке ұғым берілмеген. Сондықтан ол жөнінде статистика да жоқ. Ол жөнінде айтылып жатқан да жоқ. Бірақ, зорлаудың негізгі себебі жыныстық бопсалаудан басталады. Соның жауапсыз жазаланусыз қалғанынан оның соңы зорлыққа. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде