{metadescription}
Қырғыз көліктері қытымыр аязға қарамастан жолға шығуын доғарар емес
Қырғыз көліктері қытымыр аязға қарамастан жолға шығуын доғарар емес

Қырғыз көліктері қытымыр аязға қарамастан жолға шығуын доғарар емес

Кеше ғана 21 қырғыз азаматын тиеген автобус жолда бұзылып, тоқтап қалған болатын. Ал түнде тағы бір қырғыз жүк көліктері жолда тұрып қалды. Шамаларын есептей алмаған болуы керек, сұйық отыны таусылып қалған. Эвуакуациядан бас тартқанымен, Ақмолалық құтқарушылар оларға тиісті жәрдемін берді.

Төтенше жағдайлар бөлімшесінде дамыл жоқ. Арқада сарышұнақ аяз басталғалы көлігі сөніп, өзі суықта қалғандар күн-түн демей қоңырау соғып жатыр. Шақырту түскен соң құтқарушылар жиналып, тез аттанып кетті. Бұл жолы көмек сұрағандар тағы да қырғыз азаматтары екен. Үлкен жүк көлігі күре жолдың бойында ат шаптырым жерде тұралап қалған. Межелі жерге жетіп барса, көліктерін қыздырып беруді сұрайды.

Әзиз Ахметжанов, Қырғызстандық көлік жүргізушісі:

-Қырғызстаннан келе жатырмын. Пермьге барам. Капуста тиеп келем. Жолда көп тоқтатады. Сөйтіп жүріп жағармайымыз таусылды. Қыс қатты болса да жолға жақсы дайындалып шыққанбыз. Бірақ, осылай болып қалды.

Негізі көліктің кез-келген түрін рұқсат етілген уақытта өткізіп, тоқтатып тұратын жол полицейлері жолды қарауылдап жүр. Олар тоқтатқан көліктің бәрін жылыту орны деп аталатын жол бойындағы қонақүй-асханаларға топтайды. Полицейлерге құлақ асқандар сондай орындарда жүк көліктерін құжынатып жинап қойған. Сол жерде кем-кетігін түзеп, жөндеп алып жатыр. Жалпы, мұндай күндері жолда қалғандарға алаңдап, түн ұйқысын төрт бөлетін төтенше жағдай мамандары жұмыстарына еті үйреніп қалған. Мұның бәрі қыс түскен сайын кездесетін жағдай дейді олар.

Евгений Выховский, Астрахан аудандық ТЖБ бастығы:

-Бүгінгі уақытта кешкі 19:30-дан бастап республикалық және облыстық күре жолдардың барлығында шектеу қойылған. Алайда, біздің жұмысқа жиі шығуымызға негізгі себеп ол адами фактор болып отыр. Смс жолдап, ақпарат құралдарында жариялап, аулаларда, жол бойында ескертпе қағаз таратып жатсақ та жүргізушілер соған мән бермейді.

Күшті аязды ауа райы еліміздің батысынан басқа өңірлердің барлығында аптаның аяғына дейін сақталады. Күн райы тек дүйсенбіден бастап жылышырай танытпақ. Құтқарушылар осы аралықта өзім білемге салмай, ескертуге құлақ асуға шақырып отыр. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде