Үскірік аяз жолаушыларды да жолынан қалдырып жатыр
«Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы табиғаттың осы тосын мінезіне байланысты пойыздардың жылдамдығын азайтуға шешім қабылдады. Сондықтан, барлық бағыт бойынша кісі таситын пойыздар кешігеді. Тіпті, жолаушыларға бұған түсіністікпен қарап, қатты аяз басылғанша шыдамдылық танытуларын сұрайды теміржолшылар. Қазіргі таңда отарбалардың жылу жүйесі мен вагондағы температура тәулік бойы бақылауға алынған. Әзірге, оқыс оқиға болмады дейді ұлттық компания өкілдері. Ал саршұнақ аязға байланысты теміржолдағы қызмет күшейтілген жұмыс тәртібіне көшкен.
26.01.2018
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
Кеше
Серіктестер жаңалықтары