Қарағанды мен Теміртауда көз жұмған екі бүлдіршінге дәрігерлер немқұрайлы қараған
Қарағанды мен Теміртау ауруханалардында көз жұмған екі бүлдіршінге дәрігерлер немқұрайлы қараған. Тіпті 31-ші желтоқсан күні көз жұмған 3 жастағы Әйзереге мамандығы басқа дәрігер ем жасаған. Аяқталған қызметтік тексеріс қортындысы екі жағдайда да дәрігерлердің салғыртық танытқанын әшкереледі.
Автор: Саят Сабдалы
26.01.2018
Яғни, екі бала да астан уланып, ауруханаға түскенде оларға дер кезінде көмек көрсетілмеген. Комиссия мереке күндері екі бүлдіршінге дәрігерлердің қалай қарағанын анықтап отыр. Тексеріс қортындысы ІІД мен прокуратураға жолданды. Естеріңізге салсақ, 31 желтоқсан күні Қарағанды ауруханасында 3жастағы бүлдіршін қайтыс болған еді. Анасы бронхитпен ауруханаға түскен Айзере Қаһарманованы 30-шы желтоқсанда қолхат қалдырып, мерекені үйде қарсы алу үшін алып кеткен. Алайда 13 сағаттан іші өтіп, қызуы көтерілген бала ауруханаға қайта әкелінеді. Дәрігерлер оның өмірін сақтап қала алмады. Ал қаңтардың 3 не қараған түні Теміртау ауруханасына осындай белгілермен 1 жарым жастағы Аслан Манасов жеткізілген. Бір тәулікке жетпес уақыт әлсіреп жатқан баланың демі 3 ші қаңтар күні кешке үзіліп кетті.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!