{metadescription}
Жақып Асанов судьялар арасында жаппай кадрлық тазартуды бастады
Жақып Асанов судьялар арасында жаппай кадрлық тазартуды бастады

Жақып Асанов судьялар арасында жаппай кадрлық тазартуды бастады

Өйткені, аққа жақ болудың орнына бүгінгінің билері кісі тағдырына атүсті қарап, қате үкім шығарады. Әрі теңге үшін әділдіктен аттайтындар да аз емес. Сол үшін әділдік іздеген халықтың судьяларға мүлдем сенімі азайған. Бүгін еліміздің бас қазысы қарамағындағыларын тегіс Астанаға жинап, фемида саласындағы былықты жасырмай жайып салды.

-Толығырақ жиынға қатысқан астаналық тілшімізден білейік.

Сонымен, Асановқа не жақпады?

Сәлем Мәдина! Иә, оған себеп көп. Жалпы бұл Жақып Асановтың Жоғарғы сот төрағасы болып тағайындалғалы бергі алғашқы мәлімдемесі.  Әдеттігедей баяндамасын мақтаудан емес, сынан бастады. Себебі қара қылды қақ жаруы тиіс фемида қызметкерлері халықты сенделтіп қоятын әдеттерінен арыла алмай отыр. Әрі төрелігін айтып, аққа жақ болудың орнына, жан-жаққа жалтақтап, қате үкім шығаратындар бар. Оның үстіне ауызбастырық үшін, ардан аттайтын судьялар да көбейген. Тіпті, бюрократияға белшеден батқан билер, қарапайым сот актісін түсінікті етіп жаза алмайды.

Жақып Асанов, ҚР Жоғарғы сотының төрағасы:

-Көптеген актілер көлемді, күрделі сөйлемдермен жазылған. Оны оқыған адам ештеңе түсінбейді. Тіпті біз де, судьяның не айтпақ болғанын, неге мұндай шешімге келгенін білмей дал боламыз. Егер өзіміз оқығанда осылай қиналсақ, қарапайым адам жайлы не айтуға болады? Сот актілері халық үшін жасалады. Сондықтан ең бірінші соларға ұғынықты болуы керек.

Судьялар да қазір сенімнен жұрдай. Оның үстіне, тамыр-танысын араға салып, соттың шешіміне әсер ететіндер де көбейген. Мұндай былық әсіресе, аймақтарда көп.

Жақып Асанов, ҚР Жоғарғы сотының төрағасы:

- Приезжаешь в любую область, все про всех знают: кто с кем общается, чьи интересы защищают, с кем дружат, с кем құда енді одан кетпейсің ғой. Как живёт, на чём ездит, где отдыхает, всё знают.

Осылай деп қатаң ескерту жасаған Асанов, халықтың сенімін қайтарудың жолдарын да айтты. Ол үшін қазылар тек заңға ғана бағынып әділ үкім шығаруы тиіс. Өйткені, адам тағдыры ойыншық емес. Сондықтан  сауатсыз соттарды бұл саладан аластатып, жаппай жұмыстан қуатынын да айтты.

 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде