{metadescription}
Алматыда тағамдардың ішінен тышқан мен тарақандардың шығуы көбейген
Алматыда тағамдардың ішінен тышқан мен тарақандардың шығуы көбейген

Алматыда тағамдардың ішінен тышқан мен тарақандардың шығуы көбейген

Алматылық санитарлық дәрігерлер сапасыз тағамның көбейіп бара жатқанын айтып дабыл қағуда. Олардың ақпаратынша, соңғы жылдары сапасыз өнім ұсынатын кәсіпкерлердің қатары әлдеқайда артқан. Яғни, түрлі тағамдардың ішінен, тышқан, тарақандардың шығуы жиілеп кеткен. Әйтсе де кәсіпкерлер тек айыппұлмен ғана құтылуда.

Қазаншының өз еркі қайдан құлақ шығарса демекші еліміздің кәсіпкерлері өз білгендерін істеуде. Сапасыз тауарларын сатып, саудаларын дөңгелетуде дейді санитарлар. Мәселен өйткені 2017 жылы тексеріске іліккен 105 обьектінің, тек төртеуі ғана талапқа сай болып шыққан.

Айзат Молдағасимова, қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің басшысы:

 -Азық түлік өнімдерін шығаратын кәсіпкерлердін тарапынан заң бұзушылық өте көп. Санитарлық заңнаманы бұзғаны үшін сот шешімі бойынша 30 субъект тоқтатылды, 15 млн теңге шамасында айыппұл салынды.  Айналымнан 4 тоннаға  жуық заңнамаға сәйкес келмейтін өнімдер тәркеленді. 

Алайда, жыл сайын жүргізілетін тексерістің пайдасы шамалы көрінеді. Алматылық "магнум"орталықтарын шулатып жүрген Николайдың айтуынша, азық түлік сататын дүкендердің қай-қайсына кірсең болғаны, заң бұзушылық  көзге ұрып тұр. Ал мерзімі өткен, бұзылған тамақтарды дүкен сөрелерінде жатуы қалыпты жағдай. Бұдан бөлек қазір пысыққайлар мерзімі өткен өнімдердің күндерін өзгертіп жазып, қулыққа басады екен.

Николай Благодать, Алматы тұрғыны:

-Сүт өнімін алмақ болып, қалалық дүкендерінің біріне бардым.Сөреде тұрған тауардын мерзімің көрмек болып қолыма алған едім, жазылып тұрған мерзімі өшіп қалды. Әрі, аңғарғаным барлық бөтелкедегі жазулардын өлшемдері әр түрлі..Шығарушы мекемеге хабарласқанымда олар ондайдын болуы мүмкін емес деді. Қазір барлық дүкендерде мерзімі өткен тауарларға өтірік маркировка жабыстыра береді.

Бұзылған мен көгергені былай тұрсын.Тіпті тамақтың ішінен бөгде заттардың шығу фактісі де көбейіп кеткен. .Шұжықтан сүйек, сусыннан қағаз, ал балалардың сүйсініп жейтін картоп кытырлақтарынан тірі тышқан да шыққан.Күнделікті ішіп жүрген шөлмектегі судың өзін шүмектен құйып сатқандар жайлы осыдан екі ай бұрын айтқан болатынбыз. Тіршілік нәрі шығатын цехтегі көріністі де көрсеттік. Сөйтсек ,бұл қаладағы халықты алдап жүрген бір мекеме емес екен, кран суын сатқан тағы үш цех аңықталған.

-Осылайша, тұтынушыларға астан төнген кауіп азаяр емес. Заң бұзып отырған кәсіпкерлер, тексерістен кейін айыппұлдарын төлеп, сол қалпы саудаларын дөңгелетуде. Ал, сарапшылар бұған тоқтау салу үшін бірнеше заңды күшейту керектігін айтады. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.