{metadescription}
Қарағанды мен Теміртау ауруханалында көз жұмған балаларға қатысты жаңа деректер шықты
Қарағанды мен Теміртау ауруханалында көз жұмған балаларға қатысты жаңа деректер шықты

Қарағанды мен Теміртау ауруханалында көз жұмған балаларға қатысты жаңа деректер шықты

Қарағанды мен Теміртау ауруханалардында көз жұмған екі бүлдіршінге дәрігерлер немқұрайлы қараған. Тіпті 31 ші желтоқсан күні көз жұмған 3 жастағы Әйзерені мамандығы басқа дәрігер емдепті. Аяқталған қызметтік тексеріс қортындысы екі жағдайда да дәрігерлердің салғыртығын көрсеткен.

Бақилық болған екі бала да тұмаумен ауырған екен. Бірақ ауруханаға түскенде оларға дер кезінде көмек көрсетілмеген. Комиссия мереке күндері екі бүлдіршінге дәрігерлер де медбикелер де жүрдім бардым қарағанын анықтап отыр.  Сөйтіп жүргенде уақыт жоғалтыпты.

Салтанат Жақсыбаева Қарағанды облыстық қоғам денсаулығын қорғау департаментінің бас маманы: 

-Тексеріс қортындысына сәйкес, комиссиямен балалардың халін дұрыс бағаламау және екі ауруханадағы медициналық қызметкерлердің іс әрекеттерінен кәсіби міндеттерін дұрыс атқармауы және тағы да бірқатар кемшілктер анықталған еді.

Тіпті, 3 жастағы Әйзере Қаһармаонваны қараған дәрігер инфекционист емес, педиатр болғаны анықталған. Демек оның іші өтіп жатқан балаға көмек көрсетуге біліктілігі болмаған. Облыстық денсаулық сақтау басқармасындағылар бұл тұрғыда маман тапшылығын алға тартып ақталды.

Асқар Хорошаш Қарағанды облыстық денсаулық сақтау басқармасы бастығының орынбасары:

-Маман тапшылығы өзекті мәселе болып тұр. Облысымыз бойынша инфекционнист мамандар 40 пайызға аз. Сондықтан педиатр маман кезекшілікке қалған. Ол қазір жұмыстан шеттетілді. Оны кезекшілікке қойған аурхана басшысына қатысты да тәртіптік жаза қарастырылады.

31 желтоқсан күні Қарағанды ауруханасында 3жастағы бүлдіршін қайтыс болды. Анасы ауруханада емделіп жатқан Айзере Қаһарманованы 30-шы желтоқсанда 38 градус ыстығы бола тұра қолхат қалдырып, үйіне әкеткен. Алайда 13 сағаттан соң іші өтіп, қызуы көтерілген баланы ауруханаға қайта әкеледі. Алайда дәрігерлер оның өмірін сақтап қала алмады. Ал қаңтардың 2 сі күні Теміртау ауруханасына осындай белгілермен 1 жарым жастағы Аслан Манасов жеткізілген. Алайда баланың демі ертесіне кешке таман үзіліп кетті. Мұнда да, қаңтардың 1 нен бастап ауырған баланы бір тәуліктен аса ата анасы үйде өздері емдеп көрмек болған.

-Тексеріс қортындысы ІІД мен прокуратураға жолданды. Осы материалдарға сәйкес  екі бірдей бап бойынша қылмыстық іс қозғалған. Бірі, кәсіби міндетін дұрыс атқармау  болса, екінші бап педиатрға қатысты. Ол заңсыз медициналық қызмет көрсеткені үшін, бас бәлеге қалғалы тұр. Енді екі ауруханада сол күндері кезекшілікте болғандардың ісіне бағаны тек тергеу орындары береді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде