{metadescription}
Арнайы репортаж: Қазақстан жолдарындағы ахуал қандай?
Арнайы репортаж: Қазақстан жолдарындағы ахуал қандай?

Арнайы репортаж: Қазақстан жолдарындағы ахуал қандай?

Қытымыр аяз кедергі емес. Елімізде құтқарушылардың ескертуіне қарамастан жолға шығып, айдалада тоқтап қалған көліктер азаймай тұр. Қозғалтқыштың бөлшектері қатып қалған немесе жағармайы таусылған ірі жүк көліктері жолдарда қаңтарылып тұр. Төтенше жағдай мамандары әсіресе солтүстік, орталық және шығыс аймақтарда қарқынды жұмыс істеп жатыр. Өйткені,мұнда аяз бен боранда адасып кеткендер көп.

-Бұл Алматыдан Екатеринбургке баратын халықаралық маңызы бар күре жол. Дәл қазір түнгі сағат екі, далада минус 40 градус. Ал күре жолдың бойындағы жылыту пунктінде 40-қа жуық камаз иін тіресіп тұр.

Қаптаған көліктің біреуі де өшпеген. Аяздан сіресіп қалмас үшін барлығын да оталдырып қойған. Жылыту бекеті дегеніңіз жолдағы қонақүй мен асханалар. Жүргізушілер түнемелік көліктерін осында қаңтарып, кем-кетігін түзеп, жөндеп алады.

-Қауіпті емес. Таңертең жүрсек, кешке осындай көпшілік орында қонамыз. Ал түнде жүрмейміз көп.

Керуен көліктерді жөнсіз жібермес үшін полицейлер  де күре жолды қарауылдап жүр. Тек күндіз рұқсат етілген шақта болмаса, былайғы уақытта барлық өткен-кеткенді осы арадан тоқтатып алады. Алайда, құтқарушылардың ескертуіне құлақ аспайтындар мен шамасын білмегендер әлі де кездесіп жатыр. Астрахан аудандық төтенше жағдайлар бөлімшесінде дамыл жоқ. Республикалық тас жолдың бойынан біреу қоңырау соғып көмек сұрады. Шақырту түскен соң құтқарушылар тез аттанып кетті. Межелі жерге жетіп барса, көмек сұраған қырғыз азаматтары екен. Үлкен жүк көлігі айдалада тұралап қалған.

Әзиз Ахметжанов, Қырғызстандық көлік жүргізушісі:

-Қырғызстаннан келе жатырмын. Пермьге барам. Капуста тиеп келем. Жолда көп тоқтатады. Сөйтіп жүріп жағармайымыз таусылды. Қыс қатты болса да жолға жақсы дайындалып шыққанбыз. Бірақ, осылай болып қалды.

Жалпы, мұндай күндері жолда қалғандарға алаңдап, түн ұйқысын төрт бөлетін төтенше жағдай мамандары жұмыстарына еті үйреніп қалған. Мұның бәрі қыс түскен сайын кездесетін жағдай дейді олар.

Евгений Выховский, Астрахан аудандық төтенше жағдайлар бөлімшесінің бастығы:

-Бүгінгі уақытта кешкі 19:30-дан бастап республикалық және облыстық күре жолдардың барлығында шектеу қойылған. Алайда, біздің жұмысқа жиі шығуымызға негізгі себеп ол адами фактор болып отыр. Смс жолдап, ақпарат құралдарында жариялап, аулаларда, жол бойында ескертпе қағаз таратып жатсақ та жүргізушілер соған мән бермейді.

Жалпы, аяз басталғалы бері ел аумағында 600-ге жуық адам құтқарылыпты. Техниканың тоқтап қалуының негізгі себептері, сол баяғы отынның қатып қалуы мен автокөлік құралдарының ақауы екен. Құтқару жұмыстарына бір жарым мыңға жуық қызметкер жұмылдырылған. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде