Еліміздің бірқатар өңірінде үскірік аяздың беті қайтатын болды
Синоптиктер 29, 30 –шы қаңтардан кейін Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Павлодар, Шығыс Қазақстан және Қарағандыда күн жылына түседі деп мәлімдеп отыр.
Автор: Руслан Әбдіхалық
26.01.2018
Яғни бұған дейін түнде -45 градусқа дейін төмендеген аймақтарда -15 градусқа дейін көтеріледі деп болжануда. Оңтүстік өңірлерде де күн райы жылына түсуі тиіс делінген. Тіпті кей жерлерде +3 ке дейін жоғарыламақ. Ал, бұған дейін Алматы, Жамбыл, Қызылорда және Оңтүстік Қазақстанда қаңтардың 29-на қарай күн қатты суытатыны айтылған. Демек алдағы демалыс күндері тұрғындар сақ болулары тиіс. Ал, осы апта бойы Солтүстік пен Арқада сарышұнақ аяз әбден дірдек қақтырды. Әсіресе жолаушыларға қиын болған. Олардың жанармайлары қатып, жолда қалып үсіп қала жаздаған еді.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!