{metadescription}
Талдықорғанда шешесінің сөзін көтере алмаған қыз асылып қалды
Талдықорғанда шешесінің сөзін көтере алмаған қыз асылып қалды

Талдықорғанда шешесінің сөзін көтере алмаған қыз асылып қалды

Талдықорғанда 7-ші сынып оқушысының өлі денесі өз бөлмесінен табылды. Асылып тұрған жерінен анықталған 13 жастағы қыздың өмірімен қош айтысуына оған анасының қатты сөз айтуы себеп болуы мүмкін.

Данияр Жаныс, Талдықорған  қаласы әкімінің баспасөз хатшысы:

-Болжам бойынша, қыздың анасы  қызым телефонда көп отырма деп ескерткен екен. Кейін сондай жағдай болған. Дегенмен бұл қандай фактпен тіркелетіні белгісіз. Қазір тергеу амалдары жүріп жатыр. Ішкі істер басқармасы қазір телефонды сараптамаға жіберді. Екі айдан кейін осы тергеу ісі бітеді сол кезде айта аламыз.

Яғни, смартфонға жиі телміретін балаға шешесі оны көп қолданбауын ескертіп ұрысқан екен. Айғай естіген оқушы бөлмесіне кіріп кеткен. Біраз уақыттан соң қызын іздеп кірген әке, оның асылып тұрғанын көрген. Дереу жедел жәрдем шақырғанымен тым кеш еді. Қазір осы дерекке қатысты қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүруде. Ал, қаза тапқан 7 –ші сынып оқушысы оқуда озат әрі белсенді болған екен. 

Динара Татенова, Талдықорған қалалық Абай атындағы орта мектеп директорының орынбасары:

-Қыздың оқу үлгерімі өте жақсы. Үнемі үлгеріп отыратын. Сонымен қатар баскетболға қатысатын. Түрлі іс-шаралар өткенде ән айтып, би билеп жолдастарымен де жақсы қарым-қатынаста болып жүретін. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде