Жамбыл облысында бір автобус өзбек үсіп қала жаздады
44 жолаушы мінген қоғамдық көлік Меркі ауданы Аспара ауылы маңында бұзылып, оны бірнеше сағат бойы қалпына келтіру мүмкін болмаған.
Автор: Руслан Әбдіхалық
29.01.2018
Ақыры дірдек қаққан жолаушылар төтеншеліктерді көмекке шақырыпты. Ұзақ уақыт жолда тұрып, денесін суық алған адамдар жақын маңдағы ауыл мекетебіне дереу жеткізілген. Сөйтіп оларға ас-ауқат беріліп, автобус жөнделгенше сонда болды. Ал, кешкісін Оңтүстік Қазақстаннан Алматыға шыққан жолаушылар қайта сапарларын жалғастырды. Айта кетейік, өткен жұмадан бері Жамбыл облысында күн күрт суытып, ауа температурасы -30-ға дейін төмендеген. Білім басқармасы тіпті оқу процесін де тоқтатуға мәжбүр болған. Бүгіннің өзінде өңірде сынап бағанасы -27-ні көрсетіп, Тараз қаласы, Сарысу мен Талас және Мойынқұм сынды суық қысқан аудандарда оқушылар мектепке барған жоқ.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!