Алматыда коммуналдық апат: Маңызды нысандар жылусыз қалды
Алматыда құбырдағы апат салдарынан бүтін бір ықшамаудан жылусыз отыр. Әбден ескірген жылу жүйесі қаңтардың шыңылтыр аязына ақыры шыдамай жарылған. Салдарынан Таугүлдегі ондаған көпқабатты үй, мектептер мен балабақшалар, тіпті Бауыржан Момышұлы атындағы әскери мектеп-интернаты жылудан ажырап қалды. Оқушылар дереу үйлеріне қайтарылғанымен, шалғайдан келген әскери интернаттың жас ұландары казармаларында бүрсең қағып отыр. Ал жарылған құбырдың қашан жөнделетіні тағы белгісіз.
Автор: Аруна Ортай
29.01.2018
Оқиға орнында жүрген тілшіміз Аруна Ортайдан мән жайды білейік. Апат қаншалықты ауқымды? Коммуналдық қызмет не істеп жатыр?
Иә, ауқымы аз емес. Жер үйлерді айтпағанда, бүтін бір ықшамаудан жылусыз отыр. Құбыр таңғы сағат жетіде жарылған. Апат орнына келген бригада жабылып, қазір жарылған жерді жанұшыра іздеп жатыр. Құбырлың өзі 80-ші жылы төселіпті. Яғни, кеңес кезінен келе жатқан құбыр бір рет те ауыстырып, не жаңартылмаған. Енді осы ақау салдарынан Таугүл ықшамауданының тұрғындары сақылдаған аязда үйлерінде бүрсеңдеп отыр. Ал қысқа сақадай саймыз деген коммуналдық қызметтегілер енді жөнді ақпарат беруге жарамай, қашып жүр.
Ал жылудың қашан берілері əзірге белгісіз. Десе де, таңғы жетіден аяқтан тік тұрған бригада жұмысшылары кешке дейін жөндеп, жылу жібереміз дегендей болып отыр. Болмаса жылусыз қалған үйлерді басқа жылу жүйесіне қоспақшы.
Ал ескі құбырдың өзі қатты аязға шыдамай, бірнеше жерден жарылған сыңайлы. Өйткені, түтін əр жерден будақтап жатыр. Тұрғын үйлерден бөлек, бұл аймақта Б.Момышұлы атындағы əскери мектеп бар. Апаттан кейін Алматы қаласында тұратындары үйлеріне жіберіпті. Ал шалғай алыстан оқуға келген курсанттар болса, жылы киіммен азынаған казармада отыр.
Тұрған Ермақашов, Б.Момышұлы атындағы əскери мектебі шаруашылық бөлімінің бастығы:
Ал Алматы жылу желісі бар кінəні аязға аударып отыр. Түнде минус 30 түскен. Соған құбыр шыдамапты.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!