{metadescription}
Иеменде тағы бүлік болып жатыр
Иеменде тағы бүлік болып жатыр

Иеменде тағы бүлік болып жатыр

Қарулы қақтығыстан көз ашпай, берекесі кеткен тағы бір ел - Йеменде де бүгін атыс-шабыстан 20-дан аса адам жер жастанды. Жарақат алғандар 80-нен асады. Йеменнің оңтүстігін бөліп, тәуелсіз ел құруды қалайтын қарулы жасақ Аден қаласында Үкімет әскерімен кескілескен ұрыс жүргізген.

Үкіметтің отставкаға кетуін талап етіп, шеру өткізбек болған топқа билік рұқсат бермеген екен. Осыны сылтауратқан бүлікшілер қалаға ауыр әскери техника кіргізіп, Үкіметке тиесілі бірнеше ғимаратты басып алған. Йемен премьер-министрі Ахмед бен Дагр мұны "төңкеріс жасамақ болғандардың әрекеті" деп атады. Дегенмен, Үкімет басшысы тараптарды сабырға шақырып, әскерилердің қазармаға оралуын талап еткен. Естеріңізге сала кетейік, Йеменде хуситттер мен Үкімет әскері арасындағы кескілескен ұрыс 2014-ші жылдан бері жалғасып келеді. Осы азамат соғысынан 10 мыңнан астам адам қаза тапты. 20 миллион тұрғын үйлерінен безіп, қазір гуманитарлыққ көмекке мұқтаж.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде