{metadescription}
Ауа райы қашан жылынады?
Ауа райы қашан жылынады?

Ауа райы қашан жылынады?

Осы бүкіл республиканы қыспаққа алған сақылдаған сары шұнақ аяздың беті қайта бастады. Қазақстандықтарды бүрсеңдетіп жіберген суық ауа райын енді жылы күндер алмастырмақ.

Бүгіннен бастап ауа  температурасы  біртіндеп жоғарылап, апта соңына дейін суық циклонды Атлант мұхитынан келген жылы ауа ағымы ығыстырмақ. Қазгидромет қаңтардың  29 мен 31 аралығына мынадай болжам жасап отыр.

Солтүстікте аяз күндіз 25-30 дан минус 10-15 градусқа дейін сынса, түнде 45 ке дейін барған жерелер енді минус 22-27 ні  көрсетеді. Ақмола облысы да солай. Күндіз минус 12-17, түнде 23-28 аралығында.  Қарағанды мен Шығыс Қазақстанда және Алматы облысында сәрсенбі сәл суығырақ болмақ. Күндіз минус 20,  түнде отыздың төңірегінде. Қызылорда мен Жамбыл облысында  күндіз минус 5-10, түнде 20-25. Астанада күндіз 14-17, түнде 25 градус суық. Алматыда бүгін 17-19 болғанмен сәрсенбіде минус 5-7 градусқа дейін жоғарлайды. Түнде 17-19.

Мөлдір Есқалиева, "Қазгидромет" МКК жетекші инженері:

-Алдағы 3 күндікте біздің территорияға, Қазақстанның территориясына Атлантикадан және Қара теңізден жылы және ылғалды ауа массалары келеді. Осыған байланысты ауа -райы жылынады. Біріншіден, Батыста жауын-шашын күтіледі.  

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде