Жамбыл облысында үсіп қалған өзбектерді жергілікті тұрғындар құтқарған
Жамбыл облысында бір автобус өзбек үсіп қала жаздады. 44 жолаушы мінген қоғамдық көлік Меркі ауданы Аспара ауылы маңында бұзылып, оны бірнеше сағат бойы қалпына келтіру мүмкін болмаған.
Автор: Руслан Әбдіхалық
29.01.2018
Ақыры дірдек қаққан жолаушылар төтеншеліктерді көмекке шақырыпты. Ұзақ уақыт жолда тұрып, денесін суық алған адамдар жақын маңдағы ауыл мекетебіне дереу жеткізілген. Сөйтіп оларға ас-ауқат беріліп, автобус жөнделгенше сонда болды. Ал, кешкісін Оңтүстік Қазақстаннан Алматыға шыққан жолаушылар қайта сапарларын жалғастырды. Айта кетейік, өткен жұмадан бері Жамбыл облысында күн күрт суытып, ауа температурасы -30-ға дейін төмендеген. Білім басқармасы тіпті оқу процесін де тоқтатуға мәжбүр болған. Бүгіннің өзінде өңірде сынап бағанасы -27-ні көрсетіп, Тараз қаласы, Сарысу мен Талас және Мойынқұм сынды суық қысқан аудандарда оқушылар мектепке барған жоқ.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!