"Қазгидромет" тағы ескерту жариялады
Үскірік аяздың арты тасқынға ұласуы мүмкін! Бүгін «Қазгидромет» мамандары еліміздің 3 өңірінде тағы дауылды ескерту жариялады. Алдағы күндері Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарындағы өзендер мен Сырдарияда су деңгейінің көтерілу қаупі бар. Ал, демалыс күндері таудан аққан өзендердің мұз болып қатуынан жүздеген тұрғын тіршілік нәрінен қағылған болатын.
29.01.2018
Қатты аяз, әсіресе, Алматы облысының тұрғындарын қыспаққа алған. Қолайсыз ауа-райынан мұндағы Қарасай және Талғар аудандары ауызсусыз қалды. Бұл таудан аққан өзендердің қатып қалумен байланысты. Қазір атқамінерлер мәселе шешімін тапты дегенімен, әлі ауызсудан бұрын, жылу жүйелеріне су жетпей тоңып отырғандар бар. Әбден қиналған жұрт демалыс күндері, тіпті, қарды ерітіп ішуге мәжбүр болған. Әбден қиналған тұрғындар мұңын айтып, сәт сайын редакциямызға да қоңырау шалуда. Ал, мұның бәрін ауа-райынан көрген шенеуніктер газ бен су тапшылығын шешуге тырысып жатыр екен.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!