{metadescription}
Елімізде сақал мен балақтың ұзындығы енді заңда жазылмақ
Елімізде сақал мен балақтың ұзындығы енді заңда жазылмақ

Елімізде сақал мен балақтың ұзындығы енді заңда жазылмақ

Керек болса, сақалды да өлшейміз. Дін істері министрі бүгін Мәжілісте осылай деді. Ермекбаевтың айтуынша, діни көзқарасы бөтен адамның сыртқы келбеті жаңа заңда бүге-шүгесіне дейін көрсетілмек. Ондай адамды полицейлер көре қалса, дереу тексеріп, ескерту жасауы тиіс. Бүгін төменгі палатада таныстырылған заң жобасының ең өзекті тұстары жайлы келесі бейнематериалда.

Сызғыш барда сақал өлшеу қиын емес! Бірақ, нақ немен өлшейтінін министрдің өзі әлі айтқан жоқ. Сақал өлшеу мәселесі сақалдының бәріне қатысты емес. Біреулер дінсіз болып та өсіре беруі мүмкін. Сондықтан, сақалдан артық сантиметр тапқысы келетіндер адамның сыртқы келбетінің басқа да ерекшеліктеріне қарайтын болады.

Басқа ерекшеліктердің бірі қысқа балақ екені белгілі. Діни сенімі үшін шалбарын қалыпты нормасынан да қысқартып тастайтындар тәртіп сақшыларының көзіне түсетін болады. Бірақ, бәрі емес. Өйткені, балағын дін емес, сән үшін қиятындар да бар. Яғни, заңды жүзеге асыруда әркімнің құқығы да ескерілмек.

Бұл ерекшеліктердің барлығы деструктивті діни ағымдардың білгісі болып табылады екен. Онда адамның сақалы не шалбары жеке-жеке қарастырылмайды. Яғни, жат ағымның жетегінде жүр деген күдікке алу үшін, ол адамда қаба сақал мен қысқа балақ және дәстүрге жат ағым туралы үгіт жасау белгілері түгел болуы керек.

Нұрлан Ермекбаев, ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрі:

-Сақалдының бәрі дұрыс емес деген сөз емес. Фотолар арқылы эскиздері берілетін болады. Бірақ, деструктивті ағымда деп айтуы үшін тек сақал ғана емес, қысқа балақ және басқа да белгілер бір адамның бойынан табылуы керек.

Жаңа таныстырылымда діни қызмет және діни бірлестіктер мәселелері бойынша 12 нормативтік-заңнамалық актілерге 53 өзгерту мен толықтыру енгізу көзделіп отыр. Оның негізгі өзегі, деструктивті діни ағымдардың қызметіне құқықтық баға беріледі. Әсіресе, қатаң көзқарасқа берілген бірбеткей радикалды ағым өкілдеріне де құқықтық баға берілген. Бұл мәселенің де заңда қарастырылғанын біздің мүфтият қолдап отыр.

Серікбай Ораз, Бас мүфти:

-Елдің, халықтың байырғы бабалардан келе жатқан дәстүрін, мәдениетін, болмысын жоққа шығарғысы келетін көзқарастар, сонымен бірге біржақты діни қатаң көзқарасқа сүйене отырып адамдарға иманы мен амалы яғни, діни ұстанымдарына баға беру сынды біржақтама көзқарасқа кететін тұстары болатын болса, осындай анықтамалықтар осы заңда ескерілген. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде