{metadescription}
Астанада сот үкіміне көңілі толмаған келіншек өзін өртемек болды
Астанада сот үкіміне көңілі толмаған келіншек өзін өртемек болды

Астанада сот үкіміне көңілі толмаған келіншек өзін өртемек болды

Астаналық келіншек тура Жоғарғы соттың алдында үстіне бензин құйып, өзін өртеп жібере жаздады. Еліміздің бас судьясы Жақып Асановпен кездесуді талап еткен ол, ағасының заңсыз сотталғанын айтып шу шығарды. Алайда кабинетінің түбінде өзіне қол салмақ болған тұрғын  Асановпен кездесе алмай, оны полицейлер ұстап әкетті.

-Асановпен кездесуім керек! Қазір өртеймін өзімді!

Бірақ, жанармайды үстіне шашып, шырпыны енді жаққалы жатқанда Жақсыгүл Бекенованы тәртіп сақшылары ұстап алды. 34 жастағы әйелдің айтуынша, әскери қызметте болған ағасын, судья,  кәмілет жасына толмаған қызды зорлады деп төрт күн бұрын 10 жылға абақтыға жапқан. Бірақ, үкіммен келіспей суйцид жасамақ болған әйел, істе күмәнді тұстар көп дейді. Айтуынша, материалға сәйкес зорлау фактісі екі жыл бұрын болған екен. Сол кезде 15 жаста болған қыз полицейлерге енді ғана арызданыпты. Әрі дәлел де жоқ дейді ашулы топ. Сол үшін  сотталған сержантты жәбір көрген қыздың ескі достары да қорғауға келіпті.

АҚБОТА АҚМҰРЗИНА, АСТАНА ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: 

-Зорланған қыз менің бұрынғы құрбым. Колледжде бірге оқығанбыз. Өтірікші қыз. Бізге қан ауруымен ауратынын айтып, ақша жинатқан. Талай, жігітті алдап, суйцид жасамақ болды. Оны ешкім де зорлаған жоқ.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде