{metadescription}
Зейнетақы қоры ақшасын әлі қайтара алмай жүр
Зейнетақы қоры ақшасын әлі қайтара алмай жүр

Зейнетақы қоры ақшасын әлі қайтара алмай жүр

Зейнетақы қорынан берілген қомақты қаражатты 19 компания әлі қайтарар емес. Олардың қарызының жалпы соммасы қазір 37 миллиардты құрайды

Бұл - табыс табу үшін түрлі компанияларға құйылып, уақытылы қайтпаған ақшалар. Жұрттың жиған қаржысын тиімсіз әрі сенімсіз кәсіпорындарға беріп, бас қайғыға айналдырған жеке зейнетақы қорлары екен. Енді сол миллиардтарды қайтаруға бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры тырысуда. Өткен жылы мекеме борышкерлерден 1 миллиард 248 миллион теңгені өндіріп алған. Салыстырмалы түрде айтсақ, 2016 жылы проблемалық қаржының 194 миллион теңгесі ғана қайтарылған еді. Қор қызметкерлері бұл эмитенттердің берешекті қайтарудан қашып, әдейі банкрот жариялайтындығын айтады. Десе де, ерте ме, кеш пе қарызды өндіріп алмақ. Өйткені, зейнетақы қоры құқық қорғау органдарымен тығыз қарым-қатынаста жұмыс істеуде. Әрі проблемалық активтерге қатысты қиын жағдайдан салымшылар зардап шекпейді деп сендірді. Жұрттың айлықтан жырып беріп отырған ақшасының сақталуына мемлекет кепілдік береді.

ҚАДЫРЖАН ЗАБИХ, «БЖЗҚ» АҚ ҚОҒАММЕН БАЙЛАНЫС ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ ДИРЕКТОРЫ:

- Мына көптеген компаниялар құйтырқылыққа салынып, заң тілінде айтқанда, банкрот болғысы келеді де, кейбір жағдайда, өкінішке орай, біздің соттар соларды қолдап жатады. Біз қор тарапынан сол банкроттыққа ұшыратпаудың, банкрот болмаудың барлық шараларын жасап, сотқа біз қарсы шағым-арыз түсіріп жатырмыз. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде