СҚО-да жылыну үшін арақ ішкен автобус жүргізушісі шатылып жатыр
Солтүстік Қазақстанда Өзбекстан азаматтарын Ресейге апарып тастап келе жатқан автобус жүргізушісі ұсталды. Жолда көлігі қатып қалған ол Тайынша қаласына дейін жетіп, сол жерде жылынған. Артынша өзі араққа тойып алып, қала ішінде мас күйінде автобус айдапты.
Автор: Гүлмира Тасболатқызы
30.01.2018
Бұл – автобустың 44 жастағы жүргізушісі. Өзі Оңтүстік Қазақстан облысының тумасы екен. Өзбектерді Түменге апарып тастаған ол қайтар жолда еліне кеткісі келген көрші елдің 8 азаматымен Солтүстік Қазақстан облысының Тайынша қаласына дейін жеткен. Сол жерде автобустың жағармайы қатып, жолда қалыпты. Жолаушыларын өзге көлікпен елдеріне жіберген соң көлігін жөндеген жүргізуші араққа тойып алып, автобуспен қала ішіндегі дүкендерді жағалаған. Енді ол нәпақа тауып отырған кәсібінен 3 жылға айрылуы мүмкін. Бұл азамат бұрын да тура осылай мас күйінде ұсталып, көлік жүргізу құқығынан айырылған екен.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!