{metadescription}
"Көз тимесін": Сағынтаев олимпиаданың нәтижесіне қатысты болжам жасаудан бас тартты
"Көз тимесін": Сағынтаев олимпиаданың нәтижесіне қатысты болжам жасаудан бас тартты

"Көз тимесін": Сағынтаев олимпиаданың нәтижесіне қатысты болжам жасаудан бас тартты

Премьер-министр 23-ші қысқы Олимпиадаға баратын спортшыларды ұшықтап, сәттілік тіледі. Ел намысын қорғайтын сайыпқырандарға «көз тимесін» деген Бақытжан Сағынтаев, Оңтүстік Кореяның Пхенчхан қаласында өтетін қысқы ойындарға  ұлттық құраманың дайындығын пысықтады.

Толығырақ,үкімет отырысына  қатысқан тілшіміз айтып берсін. Қайырлы күн Досжан. Сонымен, спортшылардың дайындығы қалай екен?

Олимпиада комитетінің сөзіне сенсек,  ұлттық құраманың дайындығы жақсы.  Қазір спортшылар  допинг тексеруден өтіп, ұзақ жолға әзірленіп жатыр. 

Жалпы, Олимпиадаға Қазақстан  9 спорт түрінен 57 лицензия ұтып алған болатын. Отандастарымыз негізінен  биатлон, мәнерлеп сырғанау, тау-шаңғы спорты, шорт-трек, фристайлдан медаль олжалаймыз деп үміттеніп отыр.  Ал,  түрлі допинг дауынан кейін, ел намысын қорғайтын оғаландардың күш беретін препарат ішпеуіне аса мән беріліп отыр. Сондықтан спортшылардан бір емес, бірнеше рет сынама алынып, халықаралық олимпиада комитетіне  жіберіліпті.

ДАНИЯР АБЫЛҒАЗИН, ҰЛТТЫҚ ОЛИМПИАДА КОМИТЕТІНІҢ БАС ХАТШЫСЫ:

-Соңғы рет допинг сынама бір апта бұрын алынды. Біз спортшыларымыздың таза екеніне сенімдіміз. Ал, Кореяға баратын қазақ делегациясының құрамында 138 адам бар. 30-ы жаттықтырушы, 46-сы спортшы,  мен басқа да қызмет көрсетуші  адамдар бар. Барлығына спорттық киімдер берілді.

Түсінікті, дүбірлі додада  кімдерге үміт артамыз? Алтын медаль алатын жеңімпаздардың есімі аталды ма?

Олимпиада алтынынан үміттілер бар. Бірақ бап шаба ма, әлде бақ шаба ма, ол уақыт еншісінде. Десе де, отандық  олимпиада комитеті, шаңғышы Алексей Полтаранин, Юлия Галышева, мәнерлеп сырғанаушы Денис Тен, Элизавет Тұрсынбаевалардың  Қазақстанды  жерге қаратпайтынына сенімді. Бірақ, осы жерде премьер ырымдап, алдын ала болжам жасамауға кеңес берді.

БАҚЫТЖАН САҒЫНТАЕВ, ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІ:

- Аз ғана уақыт қалды. Олипиаданы асыға күтіп отырмыз. Спортшыларымызға әрине жеңіс  тілейміз. Медаль болады ғой айтып жатыр ғой. Бірақ көз тимесін дейік.  Ертерек айтып қойсақ көз тиеді ғой. Сосын қалып қалармыз.

Жалпы, Қысқы ойындардың басталуына небары 10 күн қалды. Кейін әлемнің назары Оңтүстік Кореяның Пхенчхан қаласына ауады. Ал, ел құрамасына Сочидеге қысқы ойындардан  да жақсы өнер көрсетуге тапсырма берілді. Ол кезде Қазақстан 26-орын алған болатын. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде