Жоғарғы сот өзін өртемек болған келіншекке қатысты түсініктеме берді
Айтқанды түсінбеген. Жоғарғы сот бүгін есіктерінің алдында өз-өзін өртемек болған әйелдің ісіне қатысты түсініктеме берді. Айтуларынша, Жақсыгүл Бөкеновамен Жоғарғы соттың өкілі кездескен. Ол бір жарым сағаттай әңгімелесіп, үкімге келіспеген жағдайда апелляциялық шағым түсіре алатынын айтыпты. Бірақ, мұндай «шығарып салма жауапқа» Бекенованың көңілі толмағанға ұқсайды.
Автор: Ербол Тұрымбет
30.01.2018
Ашуылы келіншекті кеше жанармайды үстіне шашып, сіріңкені тұтатқалы жатқанда тәртіп сақшылары ұстап әкеткен болатын. 34 жастағы әйелдің айтуынша, әскери қызметте болған ағасын судья кәмелет жасына толмаған қызды зорлады деп, төрт күн бұрын 10 жылға абақтыға жапқан. Бірақ, үкіммен келіспей суицид жасамақ болған әйел, істе күмәнді тұстар көп деген сенімде. Айтуынша, материалға сәйкес, зорлау фактісі екі жыл бұрын болған. Сол кезде 15 жаста болған қыз полицейлерге енді ғана арызданған. Әрі дәлел де жоқ екен. Ал Жоғарғы сот- апелляция қарастырылмайынша үкім күшіне енбейтіндігін айтып отыр.
-Жақсыгүл Бөкеновамен әскери соттың төрағасы кездесуге дайын екені және оған апелляция жөнінде шағымын білдірсе болатыны айтылды. Алайда, ол Жоғарғы Соттың ғимаратынан шығып, аз уақыттан соң қайтып келіп, өз-өзін өртемек болды. Оны полиция қызметкерлері тоқтатты. Бұл әрекеттен Жақсыгүл Бөкенованың өзі зардап шеккен жоқ.
ҚР Жоғарғы соты.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!