Бозымбаев көмір тапшылығын Алматы мен Алматы облысы әкімдерінен көрді
Отынның осы түріне қатысты талас пен үлкен даудан соң, министр көмір тасымалын енді өз бақылауында ұстамақ.
30.01.2018
Қанат Бозымбаев, ҚР Энергетика министрі
-Тиісті жергілікті органдар қатаң бақылауда ұстау керек бұл мәселені. Мен тиісті әкімдермен өзім өткен аптада, осы аптада өзім сөйлескем. Күнделікті бақылауда бұл мәселені ұстаймыз. Қазір 16 мың тонна Алматыға және Алматы облысына жөнелтілді. Бүгін-ертең тупиктерге келіп, сатылатын болады.
Яғни, көмір тапшылығы қолдан жасалған боп шықты. Бірақ, әдеттегідей делдалдардың кінәсінен емес, бұл жолы әкімдердің өзінен болған. Бастапқыда, тапшылық жүк вагондарының жетіспеушілігінен делінген. Сөйтсе, теміржолшылардың да еш кінәсі жоқ екен. Тек тиісті компаниялар дер кезінде келісім-шарт жасамаған. Салдарынан, Алматы мен Алматы облысы маңайындағы елді-мекендер нағыз қажет шағында көмірсіз қалған. Қағазбасты тірлік шешіліп, 16 мың тонна көмір тиелген вагон өңірге келе жатыр деп сендірді Энергетияка министрі. Әкімдердің әрекетіне ашынған Бозымбаев ауыл-аймақтарды көмірмен қамтамасыз етуді өз орынбасарына тапсырыпты. Қазір Алматыда көмірдің бір қапшығы 1000 теңгеден асып кеткенін айта кетейік.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!