{metadescription}
Мазмұнды сараптаманы қалай жасау қажет?
Мазмұнды сараптаманы қалай жасау қажет?

Мазмұнды сараптаманы қалай жасау қажет?

Еліміздің жетекші саясаттанушылары, экономистері мен тарихшылары бүгін сараптама жасайтын орталықтардың болашағын талқылады.  Астанада өткен басқосуға  30-ға тарта ұйымның басшылары жиналды.

Сараптама  жасайтын орталықтар ешкімге  кіріптар болмауы керек.  Яғни, тәуелсіз  шешім шығарып дербес саясат ұстануы шарт. Бұл бүгінгі жиынға келгендердің көтерген ең негізгі мәселесі. Өйткені, түрлі әлеуметтік зерттеуге тапсырысы  мемлекет береді де, бизнес саласы көп жолай бермейді. Оның үстіне облыстарда сараптама орталықтары атымен жоқ. Көбісі Астана мен Алматыда шоғырланған. Сондықтан жергілікті мамандар американдық әріптестерімен байланыс орнатып, олардың  озық тәжірибесін алмақ. Ал бұндай пікір алмасуға Тұңғыш президент қорының мұрындық болғанын айта кетейік.

Айжан Мұқышбаева, Әлемдік экономика және саясат институтының сарапшысы:

-  Ой бөлістік. Соның нәтижесінде ұсыныстар әзірленді. Сол ұсыныстарды  әр институт өзінің жұмыс сапасымен жетілдіретін болады. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

30 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде