Ақтауда аққулар әлсіреп құлап жатыр
Каспийдің бетін мұз басып, құстардың жемін табу қиындаған. Ал мамандар қызыл кітапқа енген аққуды қыстан аман алып қалуға тұрғындардан көмек сұрауда. Ол үшін қалбырдағы жүгері мен балық, көк шөптер жеткізсе болады деп отыр.
Автор: Жаңалық Ахаш
30.01.2018
Бұл аққуды ауылдағылар айдаладан тауып алған. Әлсіреген құстың қозғалуға дәрмені жоқ. Малшылар үйлеріне әкеліп, дереу мамандарды шақырыпты. Олардың өздері аққудың сусыз жерге қалай тап болғанына таң қалған.
Нұрбол Оқуов, Ақтау қаласының тұрғыны:
-Нан мен жем берген малға беретін. Оны беруге болмайды екен. Бірақ ең бастысы тірі қалсын деп не беретінін білмеген. Енді аққу қатты әлсіреп қалған. Қанаты жарақаттанған деп ойлағанбыз басында. Ұша алмайды.
Егер малшылар тауып алмағанда бұл аққу өліп қалар еді. Жем жеп, әл жинаған құсты Қаракөлге жіберген. Қазір ол жақта үш жүзге тарта аққу қыстап жатыр. Экологтар Маңғыстаудан жабайы аң-құстарға арнап бейімдеу орталығын ашу қажет деп отыр.
Кирилл Осин, эколог:
-Бұл орталықтың керектігіне көзіміз жетті. Қаржылай қолдаушыларды іздеп жатырмыз. Кен орындарында жұмыс істейтін біраз компанияларға сұрау салдық. Олар да өтінішімізге бей-жай қарамайтын сияқты. Жабайы аң-құстарды қорғауға қатысты мәселені ақылдасып жатырмыз.
Қазір Каспийдің өзі аяздан мұз болып қатып қалған. Бұл аққулар үшін қауіпті. Себебі азығын судан табатын құстың көбі ашығып жүр. Сондықтан мамандар аққуға жүгері, көк шөп пен қалбырдағы ұсақ балық әкелсе жөн болар еді дейді. Ал үгітілген нанды бұл құсқа көп жеуге болмайды екен.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!