{metadescription}
Маңғыстаулықтар дала сілеусінінен зардап шегіп жатыр
Маңғыстаулықтар дала сілеусінінен зардап шегіп жатыр

Маңғыстаулықтар дала сілеусінінен зардап шегіп жатыр

Жаңаөзендегі мұнай-газ өндіру мекемесінің аумағына кіріп кеткен жыртқыш екі қызметкерді жаралаған. Бірақ қарақал деп те аталатын бұл аңның қалың киімнен тісі өтпесе керек, 57 жастағы ер адам айтарлықтай  жарақат алмапты. Ал оның 34 жастағы әріптесіне медициналық көмек қажет болған. Дәрігерлер келіншекке құтыруға қарсы екпе салған.

Ал дала сілеусінін мекеме қызметкерлері ұстап алып, айдалаға қоя беріпті. Айтуларынша, бұл жыртқыштың адамдардың ортасына келіп, шабуыл жасауына оның буаз болуы әсер етуі мүмкін. Айтпақшы, олар қарақалдың тағы біреуін Солтүстік Бозащыдағы кен орнынан да көріпті. Айта кетейік, Қызыл кітапқа енген жабайы аңның адамдардан алыс жүретіндіктен, оны көргендер некен-саяқ. Ал Маңғыстау облысында бұлардың небары он шақтысы ғана бар көрінеді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

30 қараша

29 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде