{metadescription}
Алматы облысында сусыз қалған жұрт үлкен шу шығарды
Алматы облысында сусыз қалған жұрт үлкен шу шығарды

Алматы облысында сусыз қалған жұрт үлкен шу шығарды

Өзен суына қарап отырған Алматы облысының тұрғындары әлі күнге тіршілік нәрінсіз отыр. Қатты аязда таудан аққан өзен суы мұзға айналып тұрғындарды әбден әбігерге салуда. Мұзды ойып, қолдан келгеннің барлығын жасап жатырмыз деген жергілікті билік жұртты сабырға шақыруда. Күн жылынған соң ғана жүйелер мен құбырлардағы мұз бір-ақ ериді екен. Оған дейін абыдраған жұртқа қарды ерітіп ішуден басқа амалдары жоқ.   

Алматы іргесінде орналасқан Талғар қаласында бір аптаға жуық ауыз су жоқ.Тіршілік нәріне жарымаған тұрғындар қарды ерітіп пайдалануға мәжбүр. 80-ге қараған Нина Левина күні бойы қолына шелек алып қар тасумен әлек.

Елу мыңға жуық тұрғыны бар қаланың судан қағылуына Талғар өзенінің қатып қалуы себеп. 26 градус аязға шыдас бермеген құбырлар мұз құрсауында қалған. Жауаптылар болса, өткен кеште су болады деп сендіріп бақты.

Кеңес Сүлейменов, Талғар ауданының «су құбыры» РКМ аға инженері:

 -Мұндай жағдай өмірі болмаған,бұл бірінші рет болып тұр. Биыл қатты суық болып кетті. Кешке 95 пайызында су болады.  

Кеше ғана, әкімдік алдында тұрып су болады деп қарашаны сендіргендер бүгін тіл қатпады. Жұртқа су әлі жеткен жоқ. Ал  өзен жағасында тұрып, өзегі талған тұрғындардың күтуден басқа амалдары болмай тұр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде