{metadescription}
Үкімет олимпиададан алтын алған спортшыға 80 миллион сыйақы бермек
Үкімет олимпиададан алтын алған спортшыға 80 миллион сыйақы бермек

Үкімет олимпиададан алтын алған спортшыға 80 миллион сыйақы бермек

Үкімет  Оңтүстік Кореяде өтетін қысқы Олимпиадада алтын алған  спортшыға 80 миллион теңге сыйақы төлемек. Күміс пен қола еншілегендерді де қомақты қаржы күтіп тұр. Бүгін премьер -министр Бақытжан Сағынтаев небәрі бірнеше күннен соң  байрақты бәсекеге  баратын сайыпқырандарды "көз тимесін" деп ұшықтап, сәттілік тіледі.

Олимпиада комитетінің сөзіне сенсек, ұлттық құраманың дайындығы жақсы. Қазір спортшылар допинг тексеруден өтіп, ұзақ жолға әзірленіп жатыр.  Жалпы, Олимпиадаға Қазақстан 9 спорт түрінен 57 лицензия ұтып алған. Отандастарымыз негізінен биатлон, мәнерлеп сырғанау, тау-шаңғы спорты, шорт-трек, фристайлдан медаль олжалаймыз деген үмітте. Ал, түрлі допинг дауынан кейін, ел намысын қорғайтын оғаландардың күш беретін препарат ішпеуі қатаң бақылауға алынған.  Сондықтан спортшылардан бір емес, бірнеше рет сынама алынып, халықаралық олимпиада комитетіне  жіберіліпті.

ДАНИЯР АБЫЛҒАЗИН, ҰЛТТЫҚ ОЛИМПИАДА КОМИТЕТІНІҢ БАС ХАТШЫСЫ:

-Соңғы рет допинг сынама бір апта бұрын алынды. Біз спортшыларымыздың таза екеніне сенімдіміз. Ал, Кореяға баратын қазақ делегациясының құрамында 138 адам бар. 30-ы жаттықтырушы, 46-сы спортшы  мен басқа да қызмет көрсетуші адамдар бар. Барлығына спорттық киімдер берілді.

Олимпиада алтынынан үміттілер бар. Бірақ бап шаба ма, әлде бақ шаба ма, ол уақыт еншісінде. Десе де, отандық олимпиада комитеті, шаңғышы Алексей Полтаранин, Юлия Галышева, мәнерлеп сырғанаушы Денис Тен, Элизавета Тұрсынбаевалардың Қазақстанды жерге қаратпайтынына сенімді. Бірақ, осы жерде премьер ырымдап, алдын ала болжам жасамауға кеңес берді.

БАҚЫТЖАН САҒЫНТАЕВ, ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІ:

-- Аз ғана уақыт қалды. Олипиаданы асыға күтіп отырмыз. Спортшыларымызға әрине жеңіс  тілейміз. Медаль болады ғой айтып жатыр ғой. Бірақ көз тимесін дейік.  Ертерек айтып қойсақ көз тиеді ғой. Сосын қалып қалармыз.

Ал, 23-ші қысқы Олимпиданы өткізуге Корея күні-түні дамыл таппай әзірленіп жатыр. Ал, спорт сайысынанда топ жарған спортшыларға біздің Үкімет  беретін жүлде қоры қомақты. Яғни, алтын медаль үшін 80 миллион, күміс 50, ал қола үшін 25 миллион теңге төленеді. Сондай-ақ ұлттық құраманың Кореяда жүріп-тұруы үшін 30 миллион теңге бөліп отыр. Демеушілер тарту еткен қомақты қаржыны спортшылар мен жаттықтырушылар өз қ

Ал, қысқы ойындар небары 10 күннен кейін басталады. Кейін әлемнің назары Оңтүстік Кореяның Пхенчхан қаласына ауады. Мұнда  ел құрамасына Сочидеге қысқы ойындардан да жақсы өнер көрсетуге тапсырма берілді. Ол кезде Қазақстан 26-шы орынға тұрақтаған болатын.  

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

01 ақпан

31 қаңтар

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде