Ұлттық қауіпсіздік комитеті терроризммен күреске керек ақшаның көлемін атады
Құпия қызмет алдағы төрт жылға бюджеттен 300 миллиард теңге сұрап отыр.
Автор: Досжан Маратұлы
30.01.2018
Ұлттық қауіпсіздік комитеті лаңкестікке қарсы ауқымды жоспар әзірлеген екен. Онда 2022-ші жылға дейін терроризмнің алдын алу үшін не істейтіні бүге-шүгесіне дейін қамтылған. Қаржының біраз бөлігі жат ағымның жетігінде кеткендерді қайта оқыту, интернет пен әлеуметтік желілерді бақылауға алып, ислам туралы түрлі семинарлар мен дәріс өткізуге жұмсалмақ. Әрі жоспарға сай дінге қатысты ақпарат беретін 114 жедел желісі іске қосылмақшы. Қалған шаралар құпиялыққа байланысты ашып жазылмапты. Ал елімізде санасы уланып, радикалдық топтарға қосылатын отандастарымыздың саны азаймай тұр. Мәселен, соңғы төрт жылда 30 жарылыстың алды алынып, Сириядадағы қарулы қақтығысқа аттанбақ болған 400-ден астам тұрғын ұсталыпты.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!