{metadescription}
Бозымбаев көмір тапшылығына кімдердің кінәлі екенін айтты
Бозымбаев көмір тапшылығына кімдердің кінәлі екенін айтты

Бозымбаев көмір тапшылығына кімдердің кінәлі екенін айтты

Көмір тапшылығына әкімдер кінәлі. Энергетика министрі Қанат Бозымбаев Алматы мен Алматы облысының басшыларын сын қырына алды. Қыс ортасында көмір таппай сабылғандардың мәселесін жергілікті атқамінерлер шеше алмағандықтан, министрліктің өзі енді бұл іске араласпақ. Айта кетейік, өткен аптадан бері оңтүстік өңірдегі тұрғындар жағарға кесек отын таппай, шу шығып жатыр.

- Қанталапай. Ортаға шашылған асықты талап алатын ұлттық ойынды білетін шығарсыз. Көмір үшін де биыл сондай талас болды.  Әлі де жалғасып жатыр. Үлгергені алды, қолы жетпегені қалды. Тапшылықтан сұраныстың көбейгенін білген ортадағы делдалдар бағаны шарықтатып, көпшілік қалтасын қағып та жатыр. Кесек отын үшін керіс көбейіп кетті. Ал, жергілікті атқамінерлердің бұл жағдайды реттеуге мүлде құлқы жоқ сыңайлы.

Әкімдердің жайбасарлығы, тапшылыққа бастарын қатырмауы министр Қанат Бозымбаевтың ашуын туғызды.  Көмір тапшылығы қолдан жасалған боп шықты. О баста жағдайдың ушығуы жүк вагондарының жетіспеуінен деген еді. Сөйтсе, жауапты компаниялар дер кезінде келісім-шарт жасамаған. Олардың жауапсыздығы талай жұртты жауратып, күшіне мінген қаңтарда көмірсіз қалдырды.

Қанат Бозымбаев ҚР Энергетика министрі:

-Жергілікті органдар қатаң бақылауда ұстау керек бұл мәселені. Мен тиісті әкімдермен өзім өткен аптада, осы аптада  сөйлескем. Қазір 16 мың тонна көмір  Алматыға және Алматы облысына жөнелтілді. Бүгін-ертең тупиктерге келіп, сатылатын болады.

Министр айтқан, кешікпей жетер деген кесек отыннан  бірақ әзірге хабар жоқ.  Алматыдағы көмір сататын негізгі орталықтар  тым-тырыс. Көпшілік мазаламасын дегені ме, сыртқы дарбазаларын да жауып тастаған. апшылықтан тарыққан тұрғындар не істерін білмей шаһарды шарлап жүр.  Қайда барса да таулары шағылады. Еститін жауаптары біреу: «Көмір жоқ!»

Ерлан Молдаби, Алматы қаласының тұрғыны:

 -Байсеркеге бардым. Қаланың ішінде бәрін іздедім. Бәрінде жоқ.  Барының көмірлері нашар .

Шолпан Жақсыбекова, Алматы қаласының тұрғыны:

-Халықтың жағдайын әкімшілік, ешкім жоғары жақтағылар ойланбайды. Халыққа өте қиын. Мұғалім, дәрігерлердің жалақысы  өте аз. Көмірдің бағасы аспандап кете береді.  

Жырымдап таратылған көмірден жұртшылық жаға жыртысатын жағдайға жеткен.  Көмір базаларында иін тірескен кептелісте бір біріне жол бермей ентелеген жүк көліктері өгіздей жұлқынып тұр.Энергетика министрі жағдайды қадағалап, енді өзі реттеймін дегенімен Алматыға көктем ерте келеді. Көмір тапшылығы онсыз да шешіледі. Ақсақ қой түстен кейін маңырайдының кебі келмесе болғаны.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде