{metadescription}
Астанада өзін өртеп өлмек болған келіншектің сотталған ағасының ісіне қатысты жаңа дерек шықты
Астанада өзін өртеп өлмек болған келіншектің сотталған ағасының ісіне қатысты жаңа дерек шықты

Астанада өзін өртеп өлмек болған келіншектің сотталған ағасының ісіне қатысты жаңа дерек шықты

Әділ сот болмаса, өзін тағы өртемек!Астанада Жоғарғы соттың алдында өз-өзіне қол жұмсамақшы болған Жақсыгүл Бөкенова райынан қайтпай отыр. Туған ағасы жазықсыз сотталып жатыр деген ол бауырын соттатып жатқандар ардың құнын емес, 2 бөлмелі пәтерді даулап жүргенін айтады.  Ал Жоғарғы сот апелляциялық сот өтпейінше жағдайға араласпаймыз деп отыр.

Ашуға булыққан Жақсыгүл Бөкенованың әлі шері тарқамаған. Туған ағасының 10 жыл  жазаны жазықсыз арқалағанына сенімді.

-Бір дәлел болса, көнер едім. Мен Жоғарғы соттың алдына барып өзімді өлтірмес едім. Мен бұны ашынғандықтан істедім, әлі де істеймін егер әділдік болмаса.  

Астанадағы 19/132 әскери бөлімінің аға сержанты Қуаныш Бөкенов әскери салада келісімшарт негізінде 10 жылдан аса қызмет етіп келеді екен. Былтыр қайнағасының қызы «2015 жылы, кәмелетке толмаған кезімде мені зорлады» деп арыз жазып, соның ақыры 10 жылға сотталып кеткен. Өзінің айтуынша, ағасы Қуаныш ондай бәлені жасамаған.

Жақсыгүл Бөкенова, сотталған Қ. Бөкеновтің қарындасы:

-Ол кінәсін мойындаған жоқ. Өйткені, ол істеген де жоқ. Менің де қызым бар. Мен оған қызымдай қарадым. Бірақ, мен сол пәтер үшін жала жабады деп  ойлаған жоқпын деді.

Даулы пәтер мына үйде. Қуаныш Бөкенов мемлекеттен өтемақы алу үшін басындағы пәтерін қайнағасының атына жазған. Жақсыгүлдің ойынша, сол қайнаға пәтерді алып қалу үшін қызымен ақылдасып, сержанттың үстінен арыз түсірген. Сержант соның негізінде сотталған көрінеді.  Бұл Жақсыгүл Бөкенованың кешегі наразылығы. Үкімге келіспейтіндігін Жоғарғы соттың алдында осылай дәлелдемек болыпты.  Ол жанармайды үстіне шашып, сіріңкені тұтатқалы жатқанда тәртіп сақшылары ұстап алған еді.  Ал Жоғарғы сот өкілдері Асанов қабылдап, мәселеге араласу үшін іс біраз сатыдан өту керек дейді.

Айдос Сәдуақасов, ҚР Жоғарғы соты баспасөз қызметі басшысының орынбасары:

-Жақсыгүл Бөкенованың туыстары Жоғарғы сотқа шағымданған жағдайда, соның ішінде апелляциялық сотқа шағымданған жағдайда осы іске қатысты Жоғарғы сот құқықтық бағасын беретін болады. Әзірге бұл іс жабық сот процесінде болғандықтан, біз ешқандай да бұл іс бойынша істің мән-жайына қатысты құқықтық баға бере алмаймыз.

Ал Жақсыгүлдің әділдік жеңеріне үміті аз.  

-Мені апелляциялық сот төрағасына жібермекші болды. Олар бір мекемеде отырады. Мен оларды көрдім, бәрі бірге шәй ішеді сол судьямен. Олар бір-бірінің шешімін жоққа шығармайды. Сол үшін мен оларға сенбеймін. 

- Кабинетінің түбінде болған айғайдан Жоғарғы сот төрағасы Жақып Асанов  хабардар екен. Алайда, алдына жылап келген әйелге көмектесетін әзірше қауқары жоқ. Өйткені,үкім әлі аппеляциялық сатыдан өтуі тиіс.   Ал ағам сүттен ақ, судан таза деген   қарындасы бұл сотқа да сенбейді. Бірақ, шағым түсіруге дайындалып жатыр. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде