Елімізде қатты аяздың соңы қарлы боран мен көк мұзға айналады
Қазақстан аумағына келген Атлант мұхитының жылы ауасы суық антициклонды баяу болса да ығыстырып барады.
31.01.2018
Осы құбылыстың салдарынан еліміздің кей өңірлерінде жауын-шашын түсіп, соңы боранға ұласуы мүмкін. Алайда мамандар бұл күн тағы да суытады деген сөз емес, температура қалыпты жағдайда болады деп отыр. Оңтүстік өңірлерде күндіз еріген қар түнде көктайғаққа ұласады.
Айнұр Қайынбаева, «Қазгидромет» орталығының инженер-синоптигі:
-Алдағы үш тәулікте келе жатқан циклонға байланысты ауаның тек жоғарлауы емес, сонымен қатар қар, кей жерлерде бұрқасын Оңтүстік аудандарда, яғни Жамбыл, Алматы және оңтүстік шығыс аудандарда көк тайғақ күтіледі. Алдағы периодтарда ауаның температурасы климаттық нормаға жақын болады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!