{metadescription}
Шпекбаев қызметтік куәлігін кезенетіндерді тәубасына түсірмек
Шпекбаев қызметтік куәлігін кезенетіндерді тәубасына түсірмек

Шпекбаев қызметтік куәлігін кезенетіндерді тәубасына түсірмек

Куәліктің күні бітті. Қит етсе куәлігін көрсетуді әдетке айналдырған шенеуніктер енді қызмет бабын пайдалана алмайды. Жемқорлыққа  қарсы агенттік  енді оны ID-карталар, яғни қарапайым бейдждерге ауыстырғалы жатыр. Осылайша  агенттік төрағасы Алик Шпекбаев өзін жарты құдай сезінетіндерді сабасына түсірмек ойда. Сонымен қатар енді өз ішіндегі парақорлыққа көз жұма қарайтын бірінші басшылардың мәселесі май шаммен қаралмақ.

Алик Шпекбаевтің агенттік төрағалығына тағайындалғалы  бері жоспарын алғашқы рет жариялап отыр.  Өткен жылды қорытындылаған Шпекбаев жемқорлықпен күресті күшейтемін деп отыр.  Осы жерде көңіл толарлық статистикасын да айтуды ұмытқан жоқ. Былтыр   бюджеттің рәсуа бола жаздаған 15 миллиард теңгеден астам қаржысының 14 миллиардын қайтарғанын айтты. Сұғанақ шенеуніктердің былығын  шен-шекпеніне қарамай әшкерелей бермек. Ауқымды реформасы ретінде  биыл шенеуніктердің куәлігін жаппай  жаңартпақ.

Алик Шпекбаев, ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы:  

-Біз алдымен талайдан мезі еткен куәліктерден құтыламыз. Бүгінде ол ескіліктің көлеңкесі. Оның бәрі заманауи ID-карталарға ауыстырылады. Оны тағып алған адамға жеке куәліктің керегі жоқ. Ішінде суреті мен керекті мәліметтері сақталып тұрады.

Ақ жағалы атаулыны тік тұрғызатын мекеме басшысының мемлекеттік қызметкерлерге айтар базынасы көп. Өзі кірісіп жөнге келтірейін десе, қолдың қысқалығы кедергі болып тұр екен. Айталық, соңғы 3 жылда 320 атқамінер жемқорлыққа байланысты жауапкерлішікке тартылған. Көбісі Алматы, Қызылорда, Атырау, Жамбыл, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстары мен Алматы қаласынан. Енді сол қоластындағылардың тәртібін түземеген басшыларды да жазаға тартуды көздейді.

Алик Шпекбаев, ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы:

-Кей орталық және жергілікті мемлекеттік органдар басшылары жүйелі түрде болып жатқан жемқорлыққа қарсы шара қолданбайды. Сондықтан, біз премьер-министр мен Президент әкімшілігі жетекшісінің атына оларды тәртіптік жауакершілікке тарту жөнінде ұсыныс енгізу туралы шешім қабылдадық.

Жоғары басшылыққа ұсыныс енгізгенімен, бұл агенттік шара қолдана алады деген сөз емес. Бұл тұрғыда азаматтық қоғам өкілдері агенттіктің құзіретін кеңейту керектігін айтады. Яғни, жемқорлық дерегі көп анықталған сала басшылары агенттік алдында есеп беруі тиіс дейді.

Зәуреш Батталова, қоғам белсендісі:

-Агенттік ылғи жемқорлық туралы айтады. Ал басқа мемлекеттік мекемелер жемқорлық туралы түк айтпайды. Осы жерде коллегияда отырып, солардың есептерін есту керек. Сол ІІМ, сол білім саласын. Неге олардың саласында жемқорлық бар, неге солар жемқорлықпен күреспейді? Және күрессе, қалай күреседі, қандай нәтижеге жетеді? Сондықтан агенттік өзінің жұмысында жаңа бір бағыт енгізу керек.

-Шпекбаевтің айтуынша, агенттіктің мүмкіндігі жетпегендіктен, шалғай ауылдық жерлердегі бюджет қаржысының игерілуі толық бақыланбай отыр. Оны түзеудің бір амалы ретінде «Қоғамдық бақылау картасы» дейтін жобаны қолға алмақшы. Ал жалпы, елімізде жемқорлыққа қатты ұрынып отырған білім, ауыл шаруашылығы, құрылыс және денсаулық сақтау салалары екен.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

07 ақпан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде