Жамбыл облысында жоғалған сарбаз табылды
Жамбыл облысындағы 21/450 әскери бөлімінен жоғалған сарбаз Алматыдан табылды. Қазір ол Отардағы Гвардейский гарнизонына жеткізіліп тергелуде. Бірақ жауынгерге қатысты ақпарат әзірге толық айтылмай жатыр.
Автор: Руслан Әбдіхалық
31.01.2018
Бүгін қуанышты хабарды естіп, Жанболат Бозбановтың Атыраудан Отарға дереу жеткен туыстары онымен жолығып шықты. Жауынгерді көріп, көзайым болған жақындары да оның не үшін қашып кеткенін айтқысы келмеді. Тіпті әскерилерге тағар кінәміз жоқ деп отыр. Естеріңізге салсақ, осыдан бір жарым апта бұрын атыраулық 19 жастағы жігіт Қордайдағы әскери бөлімнен қашып кеткен. Туыстары оның осындай қадамға баруына қаруластарынан көрген қысым себеп деп топшылаған еді. Бірақ әскери бөлім басшылығы бұл пікірді жоққа шығарған болатын. Енді тіпті сарбаздың гарнизоннан безіп кетуіне нақты не түрткі болғаны сол күйі айтылмай қалатын тәрізді. Өйткені әскери тергеу басқармасындағылардың өзі толық мағлұмат бермей жатыр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!