Атырау облысында тендерді бөліске салған шенеунік ұсталды
Атырау облысында тағы бір шенеунік қамауға алынды. Мақат ауданы әкімінің орынбасары Жақсылық Мүсепов мердігер компанияның басшысын бопсалап, 500 мың теңге көлемінде пара алды деген күдікке ілініп отыр.
Автор: Жанар Низамутдинова
01.02.2018
Жақсылық Мүсеповтен бөлек аудандық құрылыс бөлімінің басшысы да ұсталған. Сенім ақпарат көздерінің хабарлауынша, бұл екеуі бірігіп аудан көлеміндегі ірі деген жобаларды ұтып алған компания басшысынан 2 миллион теңге талап еткенімен, ақырында 500 мың теңгеге тоқтапты. Бірақ не үшін екені әзірге белгісіз. Ал бермеген жағдайда келісім-шартты үземіз деп қорқытқан. Қазір Жақсылық Мүсеповке қатысты тергеу жүріп жатыр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!