{metadescription}
Жамбыл облысында небәрі 7 отбасы тұратын ауыл халқы шенеуніктерден көмек сұрады
Жамбыл облысында небәрі 7 отбасы тұратын ауыл халқы шенеуніктерден көмек сұрады

Жамбыл облысында небәрі 7 отбасы тұратын ауыл халқы шенеуніктерден көмек сұрады

Жұртта қалғандардың жанайқайы! Жамбыл облысы Тұрар Рысқұлов ауданында 7 отбасы билік назарынан ұмыт қалған. Күнкөріс қамы қиындаған Құмарық бекетінің тұрғындары аудан орталығына қоныс аудара алмай отыр. Ал көшіруге әзірміз, тіпті пәтермен жарылқаймыз деген жергілікті билік уәдесін орындайтын емес. Ең сорақысы, мұнда балалар сауатсыз болып барады дейді жұрт. Өйткені небәрі алты оқушыға білім беретін маман тапшы.

Құмарық бекетіндегі бастауыш мектептің сиқы мынау. Мұнда 1-ші және 4-ші сынып аралығында бар-жоғы алты оқушы білім алуда. Шәкірттерге 23 пән бойынша жалғыз мұғалім дәріс береді. Бірақ ағылшын тілін үйрену оқушыларға мұң. Өйткені шет тілінің маманы оқу жылы басталғалы жоқ.

Іңкәр Молдияр, 4-сынып оқушысы:

-Ағылшын тілін білмейміз. Ағылшын тілі мүлдем оқытылмайды. Арасында оқимыз. Бұрында ағай келіп бір екі рет оқытқан ағылшын тілін.

Ата-ана ұл-қыздары сауатсыз болып қала ма деп алаңдаулы. Ал білім бөлімінің басшылығы ағылшын тілі пәнінің оқытылмауын маман тапшылығымен түсіндіреді. Яғни, шалғай ауылға мұғалімдердің келгісі жоқ.

Алтынай Әлімбекова, Құмарық бекетінің тұрғыны:

-Енді қараңыз, мына мектеп биыл бітеді. Соңғы бала өзіміздікі. Осымен мектеп жабылады. Жол сұраған күнде мектеп ашылмайды, оны не істейміз. Луговой жақтан там берсе дейміз. Өйткені күйеуім теміржолда істейді. Балаларымыз интернатта қаңғырып оқып жатыр. Бізге баяғыда там беріледі деп әкім айтып кеткен.

Жұртта қалған 7 отбасының жағдайы мәз емес. Мұндағылар азық-түлік алу үшін 15 шақырым жердегі аудан орталығына барады. Онсыз да жолы нашар бекетке қыста қатынау тіптен қиын. Сондықтан тұрғындар қоныс аударуды қалайды. Бірақ оған қаражат тапшы. Ал шенеуніктер қиналған жұртқа көмек қолын созуға асығатын емес.

Әбдіәшім Ілиясов, Көкдөнен ауылдық аймағының әкімі:

-Аудан басшысымен ақылдассақ па деген ой бар. Қазіргі тұрып жатқан 7 үй жұмысы бар адамдарға үй қарастыру үйдің кезегіне тұрғызу. Жоспарда бар. Аудан есебінен тұрғын үй салынған. Соған кезекке тұрғызсақ па дейміз.

Бұл сөзге қарасақ, 7 шаңырақтың талап-тілегі жуырда орындалмайтын тәрізді. Өйткені шенеуніктер елді көшіру үшін Құмарық бекетін келешегі жоқ елді мекендер тізіміне енді енгізгелі жатыр. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде