{metadescription}
Шымкенттің ең сұлу қызы жігіт боп шықты!
Шымкенттің ең сұлу қызы жігіт боп шықты!

Шымкенттің ең сұлу қызы жігіт боп шықты!

22 жастағы Илай Дягилев республикалық сұлулық байқауында финалға өтіп, күллі елді шалқасынан түсірді. Сайысқа Арина Әлиева боп қатысқан ұлды ұйымдастырушылар да, тіпті оған жабылып дауыс берген шымкенттіктердің өздері де қыздан ажырата алмаған.               

Нәтижесінде, 22 жастағы жігіт Шымкенттің үш мыңнан астам сұлуын артта қалдырып, республикалық байқауға жолдама алған. Жігіттің «өтірігі» осы кезде ашылып қалды. Өйткені, финалға өткен соң ұйымдастырушыларға құжатын көрсетуге мәжбүр болыпты. Сөйтіп, сұлулар сайысын ұйымдастырғандарды алдап түсірген Илай  әлеуемттік желіде шындықты айтты. Сөйтсе, жігіт «байқауда боянып алған кез-келген адам жеңіске жете алады» деп жолдастарымен бәстескен екен. Ол қыздар секілді боянып, жасанды шаш киіп, сайысқа шыққан. «Мисс виртуал Қазақстан» аруы атана жаздаған жігіт жайлы толығырақ кешкі жаңалықтардан біле аласыздар.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде