{metadescription}
Қазақстан азаматтары Қытай консулдығына арыздарын өткізуге жиналды
Қазақстан азаматтары Қытай консулдығына арыздарын өткізуге жиналды

Қазақстан азаматтары Қытай консулдығына арыздарын өткізуге жиналды

Кезінде шекара асып келген қандастырымыз енді Қытайдан заңды зейнетақыларын ала алмай отырғандарына наразы. Олардың айтуынша Қытай заңы бойынша зейнетке сол елде шығып, кейін басқа елге қоныс аударса да зейнетақы төленуі тиіс. Бірақ көрші елдің билігі өз міндеттерін орындамай отырған көрінеді.

Қытай консулдығының алды бүгін өзге күндерге қарағанда қарақұрым халыққа толды. Арыздарын қолтықтаған ағайын Қытайдың өздері шығарған заңдарын өздері сақтамай отырғандарына наразы. Жарты ғасырдан астам ғұмырын Қытайда сүріп, сол жақта еңбек етіп, кейін Қазақстанға оралған қандастарымыз ол жақта төгілген тердің еш кеткеніне ренжулі. Жиналғандардың бәрі қазір Қазақстан азаматтығын алған.

Бірақ, олардың айтуынша, Қытай заңының 16 тармағында «Егер Қытайда қызмет істеп зейнетке шығып, кейін басқа елдің азаматтыңын қабылдаса да олардың зейнетақысы тоқтатылмайды» деп жазылғанын айтады.  Соңғы жылдары Шыңжан билігі бұл заңды белшесінен басып жатқан көрінеді.

Фатима Әскербай, Алматы қаласының тұрғыны:

-Қытай республикасының ата заңында және мұғажырлар заңында бәрінде анықтап тұрып айтылған бұл әңгіме. Ол жақтағы біздің қамсыздандыруымыз да, зейнетақымыз да тоқталмайды. Егер тоқтатып жатқан жағдайда, жергілікті орган оған тартылады деген жері тағы бар. МӘселен 20 бапта мұғажырлар заңында берілу керек тоқтамайды деп жазылса, 26 бапта осыны атқармаған жағдайда бұны сол заңдастырмаған адам жауапқа тартылады деп жазылған.

Негізінен Шыңжан өлкесінен жер аударғандарға зейнетақы беруді тоқтату осыдан екі жұрын басталған. Қытай билігі жазған арыз, шағымдарға  мардымды жауап бермей, үнсіз жатқан көрінеді. Тіптен, өзге елдің азаматтығын алғасын осылай болды деп түрлі сылтауларын айтқан. Жалғыз ағаштың орман болмайтынын түсінген зейнеткерлер бүгін тайлы-тұяғы қалмай Алматыдағы Қытай консулдығының алдына жиналды. Осыған дейін жекелей келіп, шағынып көрген. Бірақ, мардымды жауап алмай, таулары шағылып қайтқан.

Жұмағали Мизамбек, Алматы қаласының тұрғыны:

-  Қытайда 56 ұлт бар. Бірақ олар тең қарамай отыр.

-Бұл қыспақтары сонда қашаннан басталды?  Бұл 2016 дан басталды. Одан бұрын жақсы болатын.

Қытай консулдығы жиналғандарды ішке кіргізбеді. Арыздарын жинап алуға өкілдерін жіберді. Бұл шағым бойынша, енді нақты қашан жауап беретіндерін де ашып айтпады.Арыздарын өткізгендер Қытай консулдығынан қайыр болмаса, халықаралық ұйымдарға шағымданамыз деп отыр. Олардың бар талабы заң бойынша тиісті зейнетақыларын алу. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

30 қараша

29 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде