{metadescription}
Халықаралық олимпиада комитеті Василий Левитке алтын жүлдесін алып беруі мүмкін
Халықаралық олимпиада комитеті Василий Левитке алтын жүлдесін алып беруі мүмкін

Халықаралық олимпиада комитеті Василий Левитке алтын жүлдесін алып беруі мүмкін

Ұйым басшысы Томас Бах Рио Олимпиадасындағы ресейлік қос боксшының нәтижелерін қайта қарауды ұсынды.

Бахтың айтуынша, халықаралық әуесқой бокс қауымдастығы біраз күдікке ілініп отыр. Әсіресе, төрелік жасау мәселесінде сұрақ көп. Соның бірі 2016 жылы Риода 91 келіге дейінгі салмақта жұдырықтасқан жерлесіміз Василий Левит пен Евгений Тищенко арасындағы даулы жекпе-жекке қатысты. Онда біздің боксшы төрешілердің шешімімен жеңіліп қалған болатын. Шешімге келіспеген жанкүйерлер бокс залын басына көтерді. Енді сол төбелестің нәтижелері қайта қаралуы мүмкін. Ал екінші даулы кездесу Владимир Никитин мен ирландиялық Майкл Конлан арасында өткен. AIBA-дағы жағдайдың ушығуына байланысты президенті Чинг-Куо Ву былтыр орнынан кеткен болатын. Бүгінде ол жерді өзбек бизнесмені Гафур Рахимов басқарып отыр. Ал Томас Бах енді бокстың олимпиада ойындарынан тіпті алып тасталуы мүмкін екенін айтады.

Томас Бах, Халықаралық олимпиада комитетінің басшысы:

-AIBA-ның басқару, қаржы, төрешілік және допинг туралы есебіне ХОК атқарушы комитетінің көңілі толмайды. Сондықтан, боксты ХОК Буэнос-Айрестегі жасөспірімдердің олимпиадалық ойындары мен 2020 жылғы Токио Олимпиадасына қосу мәселесін қайта қарайтын болады. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

30 қараша

29 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде