{metadescription}
Көкшетауда екі отбасы үйге таласып жатыр
Көкшетауда екі отбасы үйге таласып жатыр

Көкшетауда екі отбасы үйге таласып жатыр

Нұрлыкөште үлкен шу! Көкшетау іргесіндегі Нұрлыкөш ауылында екі отбасы оралманның жалға беріп кеткен үйіне таласып жатыр. Мұнда күнде ит-ырғылжың. Әсіресе, барар жері жоқ шиеттей 7 балалы жанұяға қиын болып тұр. Екі әйелдің ащы айғайы мен төбелесін өз көздерімен көрген балақайлар үйдегі ыңғайсыз тірліктен кейін мектепке баруды да қойған. Жалпы, бұл ауылда осындай 40 шақты баспананы 2009-шы жылы оралман ретінде жалға алған ағайындар Қырғызстан, Монғолияда отырып басқаларға жалға береді екен. Айта кетейік, бұлар құжат бойынша иесіз үй санал.

Бұл үйде мұндай айғай күнде болады. Баспананы бірнеше жыл бойы Гүлзира Рамазан есімді тұрғын жалға беріп отырған. Ал Мәуленгүл Тарбақ күйеуі қайтыс болып, баспанасы апатты болған соң шиеттей 7 баламен Нұрлыкөшке туысқандарын жағалап көшіп келген. Осы үйді жалға алыпты. Бірақ әкімдік 1 ай бұрын иесіз үй үшін біреуге жалақысын төлемей-ақ жазға дейін тұра тұруына рұқсат еткен. Ал бөгденің үйінен табыс тауып келген Гүлзира Рамазанға бұл ұнамай қалды. Өз баспанасын тастап, анасымен осында кіріп алған.

Мәуленгүл Тарбақ, көпбалалы ана:

- Балалардың тамақ ішетін жері жоқ. Тоңазытқыш қана қалды көтере алмаған соң.

Аядай бөлмеде балалар әрі сабақ оқиды, әрі ұйықтайды. Жас аралығы 3-тен 15-ке дейін. Соңғы күндері тіпті 6 бала сабаққа баруды қойған.

Сұңқар Серікжан:

-Сабаққа бармағалы 2 күн болды. Біз бір бөлмеде тұрамыз. Бізге киім ауыстырамыз інілеріміздің көзінше қиын болып кетті. Гүлзирә тәте кішкентай балалардың көзінше неше түрлі сөздер айтады, намысымызға тиеді.

Бұл жағдаймен жергілікті әкімдік те таныс. Бірақ олар қыс ішінде екі отбасын да далаға қуып шыға алмаймыз деп отыр.

Нұрлан Айсин, Красный Яр ауылдық аймағының әкімі:

-Өзбекстаннан келген бауырымыз Перманов Жолбарыс деген кісі бұрын келіп, тұрмай қайтадан кетіп қалған еліне. Бұл үйге келісім-шарт жасалмаған. Мен білмеймін ол жағын қалай иеленіп отырғанын. Мен жаңадан келген адаммын. Құжаты жоқ ешкімдікі де емес.

Гүлзира Рамазан, Нұрлыкөш ауылының тұрғыны:

-Анашымның үйіне таласпасыншы, өтініш. 127-нің 1 мен 2-сі деген үйді Қырғызстанда жатып жалға береді. Жалға беріп отырғандар Монғолиядан, Ресейден келген кісілер. Тексеретін үкімет жоқ па?

Нұрлыкөш Көкшетау қаласының іргесіне 2009-шы жылы мемлекеттік бағдарламамен салынған. 138 қос пәтерлі үйдің кілті шетелден көшіп келген  276 оралман отбасы берілген. Бірақ олардың көбі тұрақтамапты. Ал бұл жағдайды Нұрлыкөштегі бір де бір басшы қадағалаймай келген.

-Нұрлыкөштегі үйлер Көкшетау қалалық тұрғынүй-коммуналдық шаруашылығы бөлімінің балансында екен. Бірақ 9 жылда онда ешкім тексеру жүргізіп көрмепті дейді қазіргі басшылары. 276 үйдің 40 шақтысымен келісім-шарт жасалмағаны былай тұрсын, бірді-екілі отбасыдан басқасы жалға алған ақысын да төлеп көрмепті. Ал онда кімдер тұрып жатыр, кім кімге жалға берді, ол жағы беймәлім.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

30 қараша

29 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде