Самсунг компаниясының мұрагері түрмеден босатылды
Сеулдың апелляциялық соты миллиардер Ли Чжэ Ённың ісін қайта қарап оны қапастан шығару туралы шешімге келді.
05.02.2018
Оңтүстік кореялық алпауыт компанияның вице президенті былтыр сыбайлас жемқорлыққа барғаны үшін 5 жылға сотталған. Ол Оңтүстік Корей елінің бұрынғы басшысымен ауыз жаласып компаниядағы өз ықпалын арттыру үшін биліктің қолдауына ие болған. Және президенттің араласуымен екі филиалды қосу арқылы 18 миллион доллардың келісімшартына қол жеткізеді. Қылмысы әшкере болған Самсунг мұрагері бір жылын түрмеде өткізді. Бір қызығы миллиардер қапаста жатса оның байлығы еселеп артқан. Қолына кісен салынғанда 49 жастағы Ли Чжэ Ённың байлығы 7 миллиард долларға жуық болса, қазір ол 8 миллиардтан асып кеткен.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!