{metadescription}
Елімізде сүт бағасы шарықтап барады
Елімізде сүт бағасы шарықтап барады

Елімізде сүт бағасы шарықтап барады

Оның құны  бақандай 17 жарым пайызға қымбаттап кеткен. Мұны Энерджипром мониторинг агенттігі жүргізген зерттеу көрсетіп отыр.

Осылайша, қаңтар айында 1 литр шикі сүттің бағасы 199 теңгені құрапты. Ал, пастерленгені 8 пайыздай қымбаттап, 215 теңгеге жеткен. Сондықтан одан жасалатын өнімдер де ұшып тұр. Мәселен, қаймақ бағасы бір жылда 8 жарым пайызға көтеріліпті. Сүзбе де осынша қымбаттап, келісі мың жарым теңгеге жеткен. Ірімшікті де енді екінің бірі жей алмайды. Өйткені, оның келісі орта есеппен 2200 теңгеден сатылуда. Сары май да көштен қалмай, бағасы 12 пайыздай өсіпті. Ауылшаруашылық өнімдері қымбаттаған сайын, жұрттың ауызы аққа жетпейтін түрі бар. Бірақ статистика басқаша сайрайды. Мамандардың есептеуінше, бағамен қоса сұраныс та арта түсіпті. Әсіресе, бұл қымызға қатысты айтылған. Ұлттық сусынымызды ішетіндер қатары көбейіп, оның өндірісі бір жылда 46 пайызға өсіпті. Жалпы сүт өндірушілер былтыр 240 миллиард теңгенің тауарын өндірген. Бұл 2016-ыншы жылмен салыстырғанда 14 пайызға жоғары.

Шикі сүт   +17,4%     199 Т

Пастерленген сүт   +7,8%     215Т

Қаймақ    +8,5%     987Т

Сүзбе   +8,6%      1500Т

Ірімшік     +9,4%      2232Т

Сары май +11,6%  1944Т     

Қымыз өндірісі  +46,3% 

+14%     240,2 млрд Т

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.