{metadescription}
Елімізде көмірді сыртқа сатуға тыйым салынуы мүмкін
Елімізде көмірді сыртқа сатуға тыйым салынуы мүмкін

Елімізде көмірді сыртқа сатуға тыйым салынуы мүмкін

Елімізден көмір экспортын уақытша тоқтату қажет. Шығыс Қазақстан обылысындағы көмір шығаратын «Қаражыра» кен орнына барған энергетика вице-министрі осылай деп мәлімдеді. Бақытжан Жақсалиев қазіргі уақытта елімізде қатты отынға деген сұраныстың тым артып кеткенін алға тартты. Мысалы, Қаражыра көміріне Қарағанды, Павлодар, Алматы облыстары зәру болып отыр. Сондықтан кен орындары сыртты қойып, бірінші кезекте іштегі қажеттілікті толық қалпына келтіруі керек дейді Үкімет өкілі.

Бүгінде көмір шығаратын Қаражыра кен орнындағы қызметкерлерден маза қашқан. Олар жедел штаб құрып, техника күндіз-түні тыным таппай жер қопарып әлек. Өйткені бір ғана қаңтар айында 57 мың тонна қас-қағым сәтте жоқ болған. Әйтседе, оның өзі қарашаның қатты отынға деген сұранысын толық қамти алмапты. Тіпті шахтасы бар Қарағанды, Павлодар облыстарының тұрғындары Қаражыраның көміріне алақан жайған.

Әсет Сыдықов, «Қаражыра» АҚ коммерциялық басқарушы директоры:

-Біз бүгінгі күні Алматы, Талдықорған өңірлеріне күніне 25 вагон жіберіп отырмыз. Бұл тек, халықтан түскен сұраныс. Павлодарға көп көмір жібермейміз. Себебі, олар өздеріде шығарады. Енді, ақпан айына 28 мың тонна деп жоспарлағанбыз. Тағы бір 20 тонна осы жерден қосуға тура келетін сияқты.

Ал үкімет өкілі көмірді шет елдерге тасымалдау ісін кейінге шегеру керектігін айтты. Өйткені қара алтынмен бірінші кезекте өзіміздені жылу қазандықтары және халық толық қамтылуы қажет. Ал, жеріміз көмірге бай болғанымен, қазіргі уақытта жұрттың тарығып қалғанына қолайсыз ауа райы себеп болған көрінеді.

Бақытжан Жақсалиев, ҚР энергетика вице-министрі:

Минитсрлік халықты көмірмен толық қамту үшін қаңтар айында жедел штаб құрған болатын.  Бірақ қолайсыз ауа райы кедергі келтірді. Аяздың салдарынан жолдар  жабылғандықтан, тасымалдың көлемі азайып қалды Көмір тапшылығы болып жатқаны содан.

-Сондай-ақ, энергетика вице- министрі  бүгінде аспандап тұрған қара алтынның құнына тоқталды. Оның айтуынша, бір тоннасы кей өңірлерде 15-20 мың теңгеге дейін жеткен екен. Оған алыпсатарлар кінәлі көрінеді. Өйткені, дәл мына біз тұрған Қаражыра кен орнында бір тоннасы 5800 теңгеден босатылғанымен, олар шыққан шығындарын екі есе ақтау үшін бағаны көтеріп тастайды деп жазғырды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

01 ақпан

31 қаңтар

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде